Ескі архив · 26.08.2011 12:46

Бұл енді "Жеті Серік" баспасы сияқты лоқ емес...

Уа ғалқия ва уәсасуа мүкәммал һәм мұғжиза мүмміндер, Шымкенттік ұры баспасөздерді арт-атқылау кезінде, мынаған да оқ қалдыруды ұмытпаңыздар. Очм, masa.kz сайты былай деп ішіпТ: Бекболат Тілеухан «барымташы» ма? Есеп ТҮГЕЛОВ, 25 тамыз, 2011 Елбасының есімі ере жүретін әндердің ішінде екеуі әнұран болды. Бірі еліміздің мемлекеттік әнұраны «Менің Қазақстаным», екіншісі президент сөзін, Бекболат Тілеухан әнін жазған «Елім менің» әні. «Елім менің» — «Нұр Отан» партиясының ресми әнұраны. Бүгінде партия әнұранының айналасында үлкен дау туындап тұр. Әйгілі композитор Ғарифолла Құрманғалиевтің немересі, өнертанушы Меруерт Құрманғалиева бұл әннің Бекболатқа емес, атасына тиесілі екенін айтады. «Елім менің» енді шыға бастаған шақта композитордың әулеті бұл әнге күмәнмен қараған. Өйткені, Ғарифолла атаның осыған ұқсас әні болса керек-ті. Бекболат Тілеухан көшіріп алды деуге аузы бармаған олар, нақты дәлел жоқ болғасын жабулы қазанды жабулы күйінде қалдырған. Алайда, арада бірнеше жыл өткенде атасының архивінен нотаға түсірілген әлгі ән табылды. 1977 жылы жазылған бұл әнді Ғарифолла Құрманғалиев өз қолымен нотаға түсірген. Композитордың немересі Бекболат Тілеухан иемденіп жүрген әннің атасының шығармасынан еш айырмасы жоқ екенін айтып, Елбасына хат жазған болатын. Алайда, хат иесіне жетпей, бергі жақтан қайтып келіпті. Ақпарат және байланыс министрлігі авторлық құқықты қорғау туралы заңға жүгініңіз деп кеңес берумен ғана шектелген. Меруерт Құрманғалиева әділдік орнап, әннің атасына қайтарылғанын ғана тілейді. Атасының атын пайдаланып ақша табуды немесе өзге де көлденең мақсаттарды көздеген емес. Халық өзі саралап көрсін деген оймен «Маса.кз» интернет-газетіне нота дәптердің көшірмесін де жіберіп отыр. Әрине, біз де біржақтылыққа бой ұрмау үшін нота дәптерінің көшірмесін әнші-сазгерлерге көрсетіп алуды жөн көрдік. Танымал әншілердің біріне орындатып видеоға түсіріп өздеріңізге ұсынып отырмыз. Ендігісін, құрметті оқырман, өздеріңіз саралаңыздар. Сосын дәйекті дәлел ретінде — мына жыпыегтерді және салыпТ: "Қойнақ, фотошопақ өнімі шығар?" деп, күмілжіген жама'атқа мына бейнебаянсұлтанмұрат ақырғы соққы бергендей болыпТ: www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=RphELV4HLWo
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту