Ескі архив · 27.08.2011 02:27

Фанаттық өмірімде 20 "выезд" жасаппын

13-sector фанаттар тобы құрылғандарына 5 жыл толуын баннер және фаермен атап өтуде. 25 тамыз 2011. Ақтөбе — Жетісу матчы. Жақында Қарағандыға «Шахтер» — «Ақтөбе» матчына барып қайттым. Бұл фанаттық өмірімдегі жиырмасыншы выездым екен. Выезд сөзін түсіндіре кетейін: выезд деп фанаттар өз командасының басқа қаладағы ойынына сапарын айтады. Яғни, мен жиырма рет басқа қалаларға барыппын 5 жылда. Қай қалаларға бардым?: Атырау, Орал, Хромтау, Рудный, Қостанай, Қызылорда, Алматы, Теміртау, Қарағанды, Тирасполь (Молдова) Бұлардың ішінде ең көп барғандарым Алматы, Қостанай, Атырау қалалары. Немен бардым?: Көбінесе автобу жалдайтынбыз, сондай-ақ алыс жерлерге пойызбен барамыз. Жақын жерлерге машинамен. Уақыт тығыз болған кездері ұшақпен де ұштым. Қандай ақшамен?: Көбісі ойлайды фанаттарға команда демеушілік жасайды деп. Олай емес. Мүмкін ресми фанклубтарға солай шығар. Бірақ, біздер тәуелсіз фанаттармыз. Тек қана өз ақшамызбен жүреміз. Жол, тамақ, жататын жер тек өз қалтамыздан шығады. Тек бір ақ рет Атыраудан 12 фанатты команда ұшақпен тегін алып кетті және Молдоваға тегін апарды (қонақүй және тамақты өзіміз төледік). Фанаттар кімдер?: Жұмыссыз фанат сирек кездеседі. Фанатта ақша болмаса болмайды. Тіпті футбол үшін өмір сүріп, сол үшін жұмыс істейтіндер бар. Баратын жерлер алдын ала белгілі. Сол үшін жігіттер жұмыстарын жақсы істеп жүреді, сұрана бермей. Сосын уақыты келген кезде сұранады. Былайғы өмірде әр түрлі қызмет атқарғандарымен трибунада бәрі бірдей. Мемлекеттік қызметкерлер, банк менеджері, аспаз, мұнайшы, дизайнер, бизнесмен, бөлім директоры, мұғалім, программист, құрылысшы, геолог. Яғни неше түрлі мамандық иелері бар. Выездың кайфы не?: Жолға шығу, басқа қалаға бару, ол қаланы аралау, келгеніңді білдіру, жергілікті фанаттарға провокация жасау және әрине трибунада өз командаңа қолдау көрсету. Кейін үйге жеткенше асығу, өз қалаңды сағыну. Осы шығар бар кайф деп ойлаймын. Және өзің сияқтылармен біраз уақыт бірге болу, өзің сияқтылармен ортақ әңгіме айту, ішу, жеу, тойлау. Енді суреттер сөйлесін:
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту