Ескі архив · 27.08.2011 02:53

Хош келдің, Сеск!!!

Бүгін түнде Қадыр түнімен қатар Еуропада суперкубок үшін Барселона мен Порту күш сынасты. Бірінші таймда Гуариннің қателігін пайдаланған Месси есеп ашса, екінші таймның соңына таман Мессидің әдемі пасын пайдаланған Сеск Фабрегас гол соқты. Естеріңізге сала кетейін Сеск Барса сапына биыл келіп қосылды. Ол бұған дейін Арсенал сапында ойнады және каталон мектебінен 2003 жылы зеңбірекшілер сапына ауысқан болатын. Реалмен өткен ойын және Портумен өткен екі ойынды ескерсек Сесктің қайта оралуы Барса үшін сәтті болған секілді. Айта кетейік ойын соңына таман Портудың екі ойыншысы алаңнан қуылды. Мессидің голы Фабрегастың голы
Авторы:
konvict

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту