Ескі архив · 27.08.2011 18:03

Соңғы кездесу...

Екеуміз де армандар да көп еді, Көрсетпедік сол Арманға төбені. Жарты жолдан сапарымды тоқтатып, Жалған намыс неге мені жеңеді? Жалған намыс неге сені тежеді? Себебі… Көп еді… … Қара түннің… ҚАРА менің қойынымда тұншықтың. Содан соң, үздігіп, жыладың… … суындың, ысыдың, түршіктің, … неліктен осы сен қырсықсың, неліктен осы мен қырсықпын?! Біз бәлкім жібіміз — Өмір толқынында иірілген — ҰРШЫҚТЫҢ! … адастық, жол таптық, талай біз, Жап-жас ғасыр ширегіндегі — Ағарған самаймыз. Неліктен Жүректі Жазалап, Сезімді Түрмеге қамаймыз… Жолығар әлі де талай жан… Талай қыз… Бұл бәлкім ең соңғы кездесу… Жо-жо-жоқ… … Себебі біз соны қалаймыз…
Авторы:
Tabigat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту