Ескі архив · 27.08.2011 04:42

Toyota Camry: Жаңа келбет

Жазда Mail.ru сайтында Toyota Camry автокөлігі жаңа кузовта шығады деген жаңалықтар қылаң беріп жүрген еді. Енді міне, Toyota Camry 50-дің* ресми түрде беті ашылыпты. * Camry 45 кузовы 2009 жылы шығып қойған. Camry 40-тан айырмашылықтары онша біліне бермейді. Автомобиль Европа мен АҚШ-қа арнап екі түрлі кузовта шығарылады екен. Опшым, қарап, бағалап жіберіңдер: Алдынан қарағандағы көріністері Мынау — Европаға арнап шығарылған нұсқасы. Ал мынау — АҚШ-қа арналған нұсқа. Артынан қарағандағы көріністері Европа: АҚШ: Салонның іші Европа: АҚШ: Жаңа шыққан Камрилер, кузовы қандай болатынына қарамастан, 178 а.к. (аттың күші) бар 4 цилиндрлі 2,5 л және 268 а.к. бар 6 цилиндрлі 3,5 л моторлармен жабдықталатын көрінеді. Сыртқы өлшемдері мынадай: ұзындығы — 4 825 мм, ені – 1 825 (+5 мм), биіктігі – 1 470 мм. Алдыңғы Камри 40-тан айырмашылығы онша көп емес дейді. Тек ені 5 мм-ге кеңейген. Суреттер Mail.ru сайтынан алынды. Өз ойым: Американдық нұсқаның салоны болмаса, кузовтары керемет әдемі шыққан деп айта алмаймын. Бірақ, амал который, жаңа мәшине болғасын тартынбай мінесің (ақшаң жетсе әрине). Европалық нұсқасы Lexus ES300, ал американдық нұсқасы былтыр шыққан Toyota Corolla-ға ұқсап кеткен. Бұрын «Toyota Corolla-ның өз келбеті жоқ, Camry-дің кішірейтілген көшірмесі ғана» деген пікірлер айтылып жүрген еді, қазір керісінше болған сияқты
Авторы:
omarbirat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту