Ескі архив · 28.08.2011 12:01

Емтихан

Жүректі сонда сөйлеткем, Шыға алу үшін талаптан. Емтихан алды бойжеткен, Махаббат дейтін сабақтан. Кетірмей естен бұл шақты, Сәттерді сонау санадым. Оқытқан да жоқ кітапты, Оқыдым оның жанарын. Жатқандай нақты сонда мән, Құрақтай балғын желкілдеп. Бір сынақ берді ол маған, Сүюге мысал келтір деп. Санаға жетпей жаңа ақпар, Бұл сауал аздап тұсады. Сауалға жалғыз жауап бар, Өзіңіз дедім мысалы. Сынағым берді жемісін, Керемет болды ой, неткен! Үнсіздік деген – келісім, Енді үнсіз қалды бойжеткен. Алаулап кетті от денем. Түсінбес жайды өзге ешкім, Тағдыр жолында көптеген, Емтихандарға кездестім. Қуанам өте сол үшін, Бастадым ердің оң ісін. Бұл менің – алғаш жемісім, Бұл менің — соңғы жеңісім.
Авторы:
Kasymolzhas

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту