Ескі архив · 29.08.2011 05:43

Минут тілі жарты жолын тәмамдап... (Лирика)

*** Минут тілі жарты жолын тәмамдап, Кеш сағаты шала өлген шағында Қолдарымыз қабысады амалдап, Сол бір дүкен кіре беріс жағында… «Сәлем!» десем, сен жасқана аласұрған, Мен балық боп, көздеріңе сүңгіп кетем, Жүрегіңнің түбіне сен жасырған Қас алмасқа тылсым жолмен жүзіп жетем. Мықтап ұстап, шынжырынан үзіп алып, Кері жүзем, енді қайтып келмеске ұрын, Алақанға асыл тасты үріп салып, Сыйға тартам, ерініңнен сүймес бұрын. Сен қарқылдап, қылшық беттен бір иіскеп, Ұмтыларсың атқан оқтай көкке көздеп, Күмбезіне аспанның «Еркегім!» деп, Жазарсың да қойныма енерсің кеп. Бөлісіп бір шылымды, қосақтасып, Бақылаймыз, қызарған күнді бүгін, Шілденің ортасында құшақтасып Көз ілерміз түсіргенде түн түндігін. (2011) Асқар Базарбай
Авторы:
Gastarbaiter

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту