Ораза айт мерекесі
Ертең мұсылмандардың Ораза айт мерекесі. Мереке күндері мыналарды жасау сүннет:
1. Ерте тұру.
2.Ғұсыл алу.
3. Мисуак қолдану.
4. Хош иіс себу.
5. Жаңа және таза киім кию.
6. Араздарды татуластыру.
7. Қабірлерді зиярат ету.
8. Жүзік тағу.
9. Жылы жүзді болу.
10. Мешітке ерте бару.
11.Мешітке бара жатқанда жай дауыспен тәкбір айту.
12. Мұсылмандарға сәлем беру.
13. Мұсылмандарды құттықтау.
14. Кедейлерге садақа беру.
15. Туыстарды көруге бару.
16. Діндес бауырларымен араласу.
17. Сыйлық апару.
18. Қонақтарды күту.
19. Көп дұға оқу, тәубе ету.
