Антилопа*
Бұл антилопаны (қазақшасын білмейді екенмін, сөге жамандамаңыз) қайдан көргенімді айтайын ба? Университет ауласында, кітапхана қасынан.
Кітапханашыны күтіп есік алдында тұрғанмын агент шұқылап, бірнәрсе қыбыр еткенді көзімнің қиығы шалып қалғаны. Бұл не болды екен деп қарасам, осы антилопа тұр. Басында жасанды (чучело)деп ойлап қалғанымды жасыра алман. Анықтап қарасам, бүйрегі бүлк-бүлк етеді. Ой, мұндай қуанбаспын, есіме бірден “Золотая антилопа” деген мультик түсіп кетті. Естеріңізде ме, тұяғын серпігенде алтын теңге шашатын антилопа жайлы мультик бар ғой, міне, дәл сол мультик көз алдыма келе қалды. Өзі сондай сүйкімді, қасына жақындасам үркіп қашып кетер деп алыстан суретке түсіріп алдым. Бұл әрекетімді көрген жұрттың назары антилопаға ауды. Қасына жақын барғандардан қорықпайды өзі. Тұрып-тұрып, қарап болсаңдар мен кетелін дегендей жәймен басып жөніне кете барды.
Альмира ханым универің зоопарк деген еді бір пікірінде, расымен солай Ең көбі маймылдар десем қате болмас.
Енді тағы не көреді екенмін деп бұл жазбаны да аяқталын назар салып оқыған Сіздерге алғысымды білдіре :)
*Уордпресстен көшіріп салдым өтініш бойынша, негізі клон деген нәрсені жақтырмайтын едім, мен сияқты жан болса араларыңызда, кешірім сұраймын :)
