Кәрі қыз
Өздеріңіз білесіздер, өткенде осы жерде Нұрғиса керектің қыздары күйеуге шыға алмай жүр деген сияқты әңгіме айтты.
Өз пікірім, жұрт кәрі қыз болды, отырып қалды деп айтады деп жалғыздықтан қорқудың қажеті жоқ. Әркімнің бұл өмірде атқаратын қызметі, рөлі бар, біреу отбасын құрып, ана болуы керек болса, біреу өз қалауымен карьера қусын. Жаппай бәрі солай істесін деген ешкім жоқ қой. Біреу ерте дайын болады, біреу кеш.
Шыны керек, бұрындары тұрмыс құру дегеннен қашатынмын, себебі дайын болмадым, моральді тұрғыда. Күйеуге шығып жатқандарды көріп, қандай батыл деп сүйсінетінмін де. Үйлену оңай, үй болу қиын деп жатады біздің қазақ. Ол рас, қыз баланың мойнында қаншама жауапкершілік бар. Мен сол жауапкершіліктен қорқатынмын. Негізі, қорқақпын :)
Қазір өзім ұнатқан жанды кезіктіргеннен кейін бе екен, дайынмын. Бірақ, дайын болғанымды қайтейін, ол елде, мен осында :). Алла жазса, бұйрық болса соған тұрмысқа да шығармын, я шықпаспын, бірақ әңгіме ол жайлы емес.
Біздің қоғамдағы қыздарға деген көзқарасты түсібеймін. Неліктен, қыз жиырмадан асса болды тұрмыс құруы керек? Неліктен, отызға келсе кәрі қыз атанып, келемеж болуы керек?
