Ескі архив · 31.08.2011 16:10

Үй болудан бұрын үйлену қиын.

Группамда менен өзге он қыз, оның екеуі тұрмыс құрған, бір-бір ұлдары бар. Сегіз қыздың ата-аналарының рұқсатымен, енді сол кісілердің таңдауы ғой, жүріп жүрген жігіттері бар. Бәрі де оқуды бітіргендерін күтіп жүрген жағдай :). Болашақ күйеубалдармен танысу бақытына ие екенімді айтып кеткім келіп отыр :). Сол көп күйеубалдардың бірі, Сугу жайлы айтып берсем қарсы болмассыздар деп ойлаймын. Сугу осы Ченнайда қызмет жасап жүрген, ашық мінезді, өмірі жадырап жүретін жігіт. Қазақстан қызық па, әлде мені сөйлеткенді жақсы көре ме, әйтеуір көөөөөөп сұрақ қояды. Мен көп сұрақ қойма деп жынданам оған. Ол күліп алады да қайта бастайды сұрақтар легін :) Соңғы уақытта Сугу және Моһана деген жұпты бірге көре алмай жүргенім, Моһана сол Сугудің қызы. Жұмыстан қолы босамай жүрген шығар деп Моһанадан ешнәрсе сұрамаймын да. Кеше сол Моһанам керемет жаңалық айтқаны. «Сугу басқа қызбен жүріп жүр!» — мен бұған қатты таң қалдым. Неге дерсіз, себебі, бұл жақта болашақ келін мен күйеубаланы ата-аналар таңдайды. Жігіт болсын, қыз болсын қашан ата-анасы таңдап бермей жұп құрмайды. Ал, менің білуімше, Моһананы Сугудің ата-анасы таңдаған. Содан енді апам өзі бастағасын сұрақты жаудырдым, қайдан, кім айтты деген сияқты. Сугудің ата-анасы басқа қыз тауыпты. Ал, Сугудің өзі Моһананы жақсы көрсе де ата-анама қарсы шықпаймын, осыған көнелік деген екен. Неге олай болды екен деген сұраққа Моһана өзім де түсінбеймін, былтыр ағам қайтқаннан кейін әкемнің бар байлығы маған қалады, соған қарамағандарын түсіне алмадым дейді. Сугудің өзінен сұрауға дәтім жоқ, әйтеуір смс жазудан бас тартпай жазып тұрады. Бірақ, бірде-бір смс-да бұл жағдай туралы жазбағасын мен қалай сұраймын, өзі бастаса сұраймын деп дайындалып отырған жайым бар қазір :) Сөз аяғында, болашақ жарды осы ата-ана таңдаған дұрыс па, әлде еріктің өзімізде болғаны дұрыс па?
Авторы:
balzaminka

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту