Футбол аптасы
Алдағы 7 күндік Қазақстан үшін футбол оқиғаларына толы болайын деп тұр.
Сонымен, 2-ші қыркүйекте Қазақстан Түркиямен ойнайды. Спорт.кз сайтына сенсек, сағат 23-00. Трансляциясы туралы әзірге толымды ақпар жоқ. Интернеттен көруге мүмкіндік болатын шығар.
Содан кейін 6-шы қыркүйекте Әзірбайжан-Қазақстан мачты болады. Оның басталуы 21-00 деп тұр.
Сондай-ақ, жастар құрамасы Алматының Орталық стадионында 2-ші қыркүйекте Румынияны, 6-шы қыркүйекте Словакияны қабылдайды. Екі ойынның да басталуы 19-00. Оған баруға болады енді.
Әлгі, ұлттық құрамалардың қонақтағы ойынын көрсететін арналар болса, ақпаратпен бөлісе отырыңдар, құрметті жекжаттарым.
