Ескі архив · 01.09.2011 04:57

Мендегі еліктеушілік...

Шынымды айтсам...(бейне бір үнемі өтірік айтып жүрген адам сияқты) осылай бастағанды жек көрем… Блогортаға келгелі бері азды-көпті осындағы жігіт қыздармен араласып та үлгердік. Тіпті, өте жақсы дос болып та алдық. Ол үшін бәріне ризамын. Шебер жазу сауаты немесе сондай бірдеңе болмаған соң ба, өз жазбаларымның ішінен біршама еліктеушіліктер байқадым… Байқадым да шайқадым. Мүмкін енді мәселенің барлығы мен де емес шығар… Деп өзімді алдап қою да жоқ емес. Әйтеуір, осында кейбіреулер сияқты өзімді реклама жасау үшін жүрмегенімді білем. Айтайын дегенім мынау еді. Менің ойымша өзін блоггер санайтын әрбір гуманоид© түбінде еліктеушіліктің немесе ну, очм, сондайдың © құрығына түсіп қалмауы үшін жазу шеберлігін дамытып, әрі бірен-саран әдеби кітаптар оқып тұрғаны дұрыс-ау деп ойлап қалдым да. Бүгін қарындасым сырқаттанып қалды. Жылап отырғанын көріп, сыртқа шығып кеттім… Жылап алғаны дұрыс. Шеттегі оқуым басталғанша отбасыммен бірге болуды жөн көріп отырмын. Үйден сыртта жүргеніме 2 жылдан асты. Қысқасы, 2-3 айға Шымкентке кетемін. Гаста айтпақшы, «сезім-бірдеңе» қиблоггерлерден болмай-ақ қояйын. Мазам жоқ! Қайырлы түн. Түнде ұйықтаңдар!
Авторы:
blackbeard

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту