"Қазақстанда" енді тек қазақша...
Кешелі бері "Қазақстан" арнасы телетаратылымды тұтастай қазақ тіліне көшірді. Елбасының пәрмені бар-ды. Кесім сол болды. Орыстілді сегментіндегілер жазда жұмыстан өз қалауларымен кетіп үлгерген.
"Қазақстан" ұлттық арнасында енді төл мәдениетіміздің өркен жаюына бұл жақсы ықылас деп білем. Бұдан шовинисттік пиғыл тіміскілеп жүргендер аз боп жатқан жоқ. Шарқ ұруда. Өткендегі Теміртаудағы мектептерге қатысты да лап ете қалды. Орыстілді бір депутат барып қайтқан ұқсайды, «тынышталмаңдар, беріспеңдер» деп. Кеше сот ГорОНОның ұйғарымын дұрыс деп тауып, мектептер қазақыландырылды.
Мемлекеттік машинаның аса даурықпай, еміс-еміс осы мәселені осылайша шешуі қазіргі конъюнктура жағдайында дұрыс та шығар. «Кереку» прожекті сабақ болмады емес, болды…
Енді "Қазақстаннан" әдемі жобалар күтем. Рас, бұл арнаны Евроньюс, Комеди клаб, Спорт каналдары қатарлы көп қарамаймын. Бірақ бұдан былай іліп аларлығы болса, отандық өнімнен сусындап жүруге кетәрі емен.
