Ескі архив · 02.09.2011 02:47

Ең мағыналы Твиттер

Твиттер қолдануды қойып кеткем. Себебі саясатшылардың құсықтары, типа қазақ рухты, патриот шалаорыстардың маразмдары, акциялары, «данышпандардың» ақылды сөздері, мен сияқты сілтеме лақтырушылардың сілтемелері, жеке хабарлама бар екенін біле тұра публик твиттер лақтыратындардың диалогтары… Обшым бұл құсықтан қаштым. Бүгін бір сайттан Бразилиядағы футбол академиясында оқып, кейін сол елдің команда құрамына іліккен жалғыз баламыз Рауанның Твиттеріне сілтеме көрдім: twitter.com/#!/10_rauan Қызығып оқыдым. Рауан көрініп тұр қазақша сөйлейтін, ойлайтын кәдімгідей шын қазақ бала екені. Жазуларынан байқалады, барынша орысша жазса да дұрыс білмейтіні көрініп тұр. Жаттығулары, сол жақтағы өмірі, жаңалықтары туралы жазады екен. Міне, мағыналы Твиттер! Оқыңдар.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту