Ескі архив · 02.09.2011 21:59

"Нақыл сөздер шайқасы" немесе "Сөзден сөз шығады"

Ойын ұсынамын. Біреу нақыл сөз, афоризм, қара сөздерден үзінді, мақал, мәтел жазады. Соған жауап ретінде қарама-қарсы немесе толықтыратын нақыл сөз жазылуы керек. Таба алмасаңдар, басқа тақырыпта мақал, мәтел, нақыл сөз жазуға болады. Ойдан шығаруға да болады, бірақ қисыны бар болуы керек. Ерекше жағдайда абсурд жазуға болады, бірақ ол әзіл не алдыңғы мақалмен /нақыл сөзбен үндес болуы шарт. Афоризм авторы белгілі болса, жазған дұрыс. Мысалы: Қилызаман — «Жалғыздық тек Құдайға жарасқан» (бірнеше вариант жазуға болады) Сакен: — «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» ВКМ: «Арақ ішкен дәруішке жарасқан» Сатыбалды: «Бұтақ жеген Әбдірашқа жарасқан» т.сс Кеттік!
Авторы:
Gastarbaiter

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту