Ескі архив · 05.09.2011 17:15

Сенеді...

Оның Үні – Қойтастың Тілі – Пенделік болмыспен — өзара соғысқан. Қайшықты көзқарас танытып – Демократия биігінде – Оппозициялық байламмен тоғысқан… Оның көз жасы – Сынаптың түсімен боялған – Өзі – Ұлтының ҚҰРТЫМЕН МЕРТІГІП – Рухының ДӘТІМЕН ОЯНҒАН. Оның Өмірі – ӨЛІМНІҢ сесінен сескеніп – Түксиіп реңі түнерген, Салыңқы қабағы қатайып – Қазақи мұң өрген… Оны ТІРШІЛІК – Ылғи да Өзекке тебеді. Алайда: Қомсынған емес ОЛ – Қонжықтар қонжиған төбені – Қиқар мінезіне қарамай: Қырттардың бәрін де Күн ертең жеңеді. СЕБЕБІ: Тотыққан реакция ішінде – Ерітіп ездікті… Қазақияның жарқын болашағына; Һәм келешегіне; СЕНЕДІ! Табиғат АБАИЛДАЕВ
Авторы:
Tabigat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту