Құтадғу біліктен
Хаққа табын, сеніп адал құлқыңа,
Бауырмал бол, түзу қара жұртыңа.
Барша елге мейіріммен қарар бол,
Үлкенге де, кішіге де адал бол!
Ізгі болсын десең бүгін күллі ел,
Өзің ізгі болғын елдің ішінде, ер!
Түзетемін десең бәрін, біле бер,
Өзіңді-өзің түзе, халқың түзелер.
Халқы азса, оны бектер түзетер,
Бек азса егер, оны кімдер түзетер?!
Сый берерде-тез бер, созып, қашыртпа,
Жазаларда-таяқтауға асықпа.
Ел пайдасын, ішіңменен түсін де,
Өз пайдаң бар ел пайдасы ішінде».
