Ескі архив · 05.09.2011 16:31

Жоқ десең жоғаласың!..

Кешегі Ұлы отан соғысы жылдарында Доссор кен орындарынан атқылаған қара майды, еш химиялық айырмастан бірден майшиналарға құйғанын айтып, бүгінде сол Доссор мұнайына 100 жыл мерейтойын дүркіретіп өткізіп отырған Атырауда кешеден бері жанар жағар май жоқ. Аи 92,95 маркалы бензин баяғы кеңес дәуіріндегідей талон жүйесімен жіберілуде. Кей жанар-жағар май бекеттерінде Аи95тің литрі 150 теңгеден, ол да тапшы халық талап әкетіп жатыр. Қаладағы бензин тапшылығы едәір білініп тұр, таңертеңгідегідер кептелген машинаны, түскі үзіліске таман уақытта байқамадық. түстен кейінгі уақытта да, ауыз толтырып айтарлықтай көлік кептелісі қалада байқалмады. Осыған қарағанда көліктер тұрған болса керек. Түске дейін біраз АЗСтердің телефондарын алып, хабарластым. Мардымды жауап ала алмадым, Қазмұнайгаз тек түскі 13-00 шамасында АИ92 болатынын айтты, жақын жанар-жағармай бекетіне барғанымда, әлі құйып жатырғанын, одан соң жаты сағат тұндыратынын айтты. Түс кезінде „Меркурий„ АЗСтері АИ95 маркалы бензинді 150 теңгеден сатты. Жақын жердегісіне барып, сыйғанынша құйғызып алдым. А80 маркалы бензин мен дизелдік отын бос тұр. Бар көрген баққанымыз осы, түске дейін агентіміз тулап, талон сұрап жүрген бір адам.
Авторы:
sigma

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту