Ескі архив · 06.09.2011 15:12

Космология немесе ұшқан рухты іздеу

Таразым – Тұманды Альбион – Мен түкті аңдамай адастым. Батыстан гулеген желменен бірге ұшып, Тұп-тура белінен құшыппын – Алпауыт ағаштың. ...ғайыптан жоғалған өр рухы, «Осында екен ғой» деп қоям Алаштың! Ысқырған жел тағы жетектеп әкетті жиекке, (Өн бойым жеп-жеңіл, айналып кеткем бе, сүйекке?) … мен кенет кейпіне ене қап білместің, Бүкір – бел, түсініксіз тілде тек сөйлейтін, Айменен тілдестім. … уәдеден қажып та кеткен соң, құрғақ тым, Жиектің еркесі – Ақбалтыр айға мен, Былай деп тіл қаттым: «Елші боп келгесін; Арқалап келдім мен алты Алаш арызын, Рухымды оятып алам деп Тоздырдым кеңселер дәлізін. Қолыңнан келсе егер, Қазақтың өр рухын қайтару: Ақмарал, ай бикеш, парызың!» Ай: «… тектілік тезіне көнбеген, Жанының жарасын арзанқол күлкімен емдеген. Қазақтың рухы астеройд кейпінде ұшып жүр, Ауа жоқ аймақтың өзінде өлмеген. Сұлтаны өлтіріп, ұлтаны жерлеген, Метеорит күйінде ағызып жібердім, Рухыңды жерге мен!» … дәл қазір өзіме-өзім жат, бөтенмін, Өзімді жоғалтып, өзгенің шашбауын көтердім. Өзімді жоқ қылған өзгенің болмысын өлтіріп, Өзімді қайтадан табар ма екенмін… Табиғат АБАИЛДАЕВ
Авторы:
Tabigat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту