Ескі архив · 06.09.2011 09:33

Панфиловшылар дивизиясы майданға аттанар алдында

2011 жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласының «28 гвардияшы панфиловшылар атындағы паркінде» тарихи-патриоттық реконструкция өтеді. «Информационная Инициатива» қоры ұйымдастыратын шара «316 атқыштар дивизиясы 1941 жылғы майданға аттанар алдында» деп аталады. Көрермендерге панфиловшы жауынгерлер майданға кетпес бұрын, оларды неге және қалай үйреткенін: шұлғау мен орамаларды қалай орау керектігі, плащ шатырлардан қалай қалқа жасау керектігі, найзалы шабуылды қабылдау, винтовкалардан ату дағдылары (Мосин жүйесі және СВТ-40), қаруды шашу-жинау, т.б. көрсетіледі. Ұлы Отан соғысының басталу кезеңіне жататын форма, қару-жарақтар көрсетіледі. Ел тарихына қызығушылық танытатын алматылықтар осы реконструкцияға өздері қатыса алады. Аяқ киім өлшемдері 41-43 және киім өлшемі 48-52 (бойы 176 см биік емес) болуы тиіс. Ол үшін жобаның жетекшісі Михаил Тюнинмен байланысу қажет: +77017864990. Бағдарлама: Баспасөз брифингі: 10-30-10-50 Басталуы:11-00 11-00-11-40- реконструкцияны бірінші көрсету 11-40-12-00-бірінші үзіліс 12-00-12-40- реконструкцияны екінші көрсету 12-40-13-00- екінші үзіліс 13-00-13-40-реконструкцияны үшінші көрсету 13-40-14-00-үшінші үзіліс 14-00-14-40-реконструкцияны соңғы рет көрсету 14-40-15-00-соңғы үзіліс 15-00 шараның аяқталуы.
Авторы:
patick

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту