Ескі архив · 06.09.2011 21:57

Әзірбайжан-Қазақстан (тікелей репортаж)

Қайырлы кеш, патшакөңіл футболсүйер қауым. «Керекинфодағы» кезекті тікелей репортажымызды бастаймыз. Әзірбайжанның Бакуінде жергілікті ұлттық құрамамен біздің команда Еуро-2012 бәсіне іріктеу шеңберінде қарымта кездесуді өткізуде. Астанадағы «Астана Аренада» өткен кездесуде жерлестеріміз қонақтаушы команданы 2-1 есебімен қапыда қалдырғанын естеріңізге сала кетейік. Бакуде алғашқы қырықбесминуттықтан кейін Қазақстан құрама командасы 0-1 есебімен басым түсуде. Матч бойында жауынды-шашынды күн райы айтарлықтай қолайсыздықтар тудырса да, хас шеберді ол тұсаулай қоймасын Остапенко әдемі дәлелдеді: сол қапталдан әуелей берілген допқа басын озат тосып, әзірге ойындағы жалғыз голдың авторы атанды. Шешуші қырықбесминуттықты күтудеміз.
Авторы:
Nurgisa

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту