Ескі архив · 07.09.2011 09:25

1 орыспен орысша сөйлесетін 1000 қазақ енді орыс тілінің мәртебесін төмендетуді талап етуде

Қазір, Конституциямен бекітілгендей, орыс тілінің мәртебесін алып тастауды талап етіп, президентке хат жолдаған адамдардың көксегендері айналасында елдегі қазақтілді және орыстілді адамдардың арасында пікір қайлықтары туып, қызу талқылауға түсіп жатыр. Есі дұрыс, ақылы бар қазақтілді адам сол орыс тілінің мәртебесін төмендетуді (тіпті алып тастауды) айтып, байбалам салғанша, өзінің және айналасындағы адамдардың ана тілін, яғни қазақ тіліне деген көзқарастарын өзгертпейді ме деймін. Бір орыс немесе орысша сөйлейтін адаммен мың қазақ немесе қазақтілділер жамырап орысша сөйлей жөнеледі. Айналайындар-ау, президентке өтірік мүләйімсіп, «мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырыңыз! Орыс тілінің мәртебесін алып тастаңыз!» деп, қуыскеуде патриот, жалған намысшыл болмай-ақ қоймадыңдар ма. Ана тілді құрметтеу Конституцияға келіп тіреліп тұрған жоқ Егер намысың болмай, басың істемей көріген адаммен қазақ тілін біле тұра орысша сөйлессеңдер, онда неге мемлекеттік тілге жандарың ашиды? Жаны ашитын адам орыс пен де қазақша сөйлессін. Сөйлеспейді екенсің, өтіріктен ұлтын сөйлеген, тілін сүйген екіжүзді болма! Барлығын басынан бастап өзгерткілері келеді. Президентті алып тастағысы келеді. Конституцияны өзгерткісі келеді көп типа зиялылардың. Бірақ одан не өзгерер дейсіз? Халықтың санасы өзгермей, түсінігі өзгермей, ЕШТЕҢЕ ӨЗГЕРМЕЙДІ. Елдің, қоғамның жақсылыққа, қазақ тілінің мәртебесін арттыруға қадам жасағанын қаласаң, ең алдымен өзіңнен баста. Кейін айналаңдағы адамдарды шақыр. Олай етпей конституцияны мың рет өзгертсең де өзгеретін нәрселер шамалы болмақ. Орыс тілінің мәртебесін заңжүзінде «нөлге» теңестіргенімен, мәселе шешілмейді. Қазақ болып, қазақ тілін біле тұра еш себепсіз орысша сөйлеп кететін адамдардың мемлекеттік тілге жандарының ашып қалуларын БАРЫП ТҰРҒАН ЕКІЖҮЗДІЛІК деп білемін. Иә, бәрі бірдей олай емес шығар. Дегенмен, қай-қайсымыз орыспен немесе орыстілді адамдармен қазақша сөйлесіп жүрміз? Мен орысша сөйлесемін. Сондықтан өтірік ұлтжанды болып, президентке Ашық та, Жабық та хат жазып отырған жоқпын. Жазбаймын да. Себебі, бар мәселе менің өзімде, менің айналамдағы қазақтарда болып тұр. Оны президент шешпейді. Әркімнің ар-ожданы еншісіндегі іске қалайша президент араласа алады? Қысқасы, хатты кімдер жазғанын анық білмедім. Бірақ сенімді ақпарат көздері айтып жатқан адамдардың арасында бұрын тек орыс тілінде сөйлеп, қазақ тіліне түкірген адамдар да бар екен. Оларға саяси ұпай керек болғандықтан өтірік ұлтжанды зиялы бола қалыпты. «Дәмелері дамбалдай екен» дейді ондай адамдарға. «Су ішкен құдығыңа түкірме» деп те атам қазақ айтқан. Олай болса, кезінде наныңды жеп, күніңді көрген орыс тілінің мәртебесін «нөлге» теңеуге тырыспа. Істегің келсе, «Арық сөйлеп, семіз шық» дегендей нақты істеріңмен көрсет. Ал олай ете алмайды екенсің, тыныш жүр!
Авторы:
Zako

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту