Ескі архив · 07.09.2011 17:32

Біреудің әйелі...

Сүйірі — сиректеу, бұрыштар — доғал тым. Жорғалар шаңдатып өтеді топ алдын. Амалсыз әзірге өлімді Өлтіріп, Өмірмен тағы да Көңілдес боп алдым. ...құрлығым Көңілге шаттық боп себілдің, О, менің көкзеңгір неліктен көгім — мұң? Өмірім — Өмірден жалығып бір сәтке, Қойнында жатыр ол — Көңілдес — Өлімнің!.. Өмір ме, зулаған, тоқтатшы, әй, оны. Манағы сөзімнің барлығы жай еді… Өлікке айналып кетермін мен де ертең — Себебі Өлімім — Біреудің әйелі! Табиғат АБАИЛДАЕВ
Авторы:
Tabigat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту