Гладиаторлар шайқасына қатысыңыз!
Сонымен, бұл қауымдастық «шешендер сайысы» деп аталады. Немесе «Ережесіз дебат» десе де болады.
Бұл қауымдастықта талас тудыруы мүмкін тақырыптар сендердің ұсыныстарың бойынша жарияланады.
Дебатқа екі адам ғана қатыса алады. Кейде бір мықты адамға қарсы екі «новичок» адам қойылады.
Бүгіннен бастап, Керекинфоның маржан сөз шеберлері мен бейпіл ауыздарына және жаңадан кіргендерге өз шешендігін шыңдауға, немесе мықтылығын сынап көруге керемет мүмкіндік беріледі.
Шайқастың барысы былай болады, осы қауымдастықта мен немесе админ тақырып жариялаймыз. Сон-соң гладиаторлықтан үміткерлер тақырыптардың бірін қорғай алатыны жайлы маған @gastarbaiter және админге @asaubota хат жазады.
Сөйтіп шайқасқа арналған бөлек тақырып ашылады.
Шайқасқа түсуші екі сөзуар тақырып ашылғанға дейін, оны қорғайтынын не теріске шығаратынынан бехабар болады.
Сонымен біздің алғашқы тақырыбымыз
«Көп білген зиян»
Бұл пікірді теріске шығаруға ниет білдірген алғашқы сөзуар Он.Кз- блогосферасының жарқын жұлдызы, ЦТ- сайтынан дұғай сәлеммен Жалғас Ертай.
Ал енді онымен кім сөз тірестіретінін әлі жұмбақ. Жалғас Ертайдың өткір тіліне қарсы тұра алатын кім бар екен? Егер сіздің жүрегіңіз көп білу зиянды деген пікірді қолдап, қорғауға дауаласа, жеке хат жазып ниет білдіріңіз. Келесі тақырып екі үміткердің шайқас алаңына айналмақ! Әрине тек ойын шеңберінде. Қатысушылар берілген пікірмен келіспеуі де мүмкін, бірақ дәлелдеуге тырысуы шарт.
сурет: boi-gladiator.com -сайтыныкі.
