Ескі архив · 08.09.2011 19:37

Шешендерді іріктеу сайысы: Жалғас VS Дәурен

Алғашқы дебат сайысымыз басталды. Алғашқы тақырып: «Көп білген зиян ба?» Бұл пікірді теріске шығаруға ниет білдірген алғашқы сөзуар Он.Кз- блогосферасының жарқын жұлдызы, ЦТ — сайтынан және Түркістан қаласынан Жалғас Ертай шығады. Ал енді онымен сөз тірестіруден қашпаған батыр Дәурен Жақсылық ұлы қандай екен? Жалғас Ертайдың аргументтеріне қарсы қояр қандай айласы бар екен? Шайқас тек бір жақ жеңілгенін мойындағанда, немесе сөзуарлардың пікірлерінің саны 15-тен асқанда, немесе 5 тәулік ішінде қарсыластардың бірі тақырыпқа бір де бір пікір жазбай қойса, аяқталған болып есептеледі. Сонымен тағы да палуандарымыздың аттарын және бастарына түскен пікірді атап өтейін: Көп білген зиян емес! — e_zhalgas — Жалғас Ертай Көп білген зиян! — dauren85 — Дәурен Жақсылықұлы Уа халайық, байқайық, ой балуандарының шамасын бағамдайық!
Авторы:
Gastarbaiter

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту