Фатмагүлдің кінәсі не? (2-маусым, 40-бөлім)
Түркияда Фатмагүлдің жаңа маусымы кеше басталды. Бұдан кейін әр апта жаңа бөлімдерді КерекИнфо сайтында шығарып тұратын боламыз. Өкінішке орай тек түрік тілінде. Бөлімнің қысқаша мазмұнын да жазатын боламыз.
40-бөлім:
Істемеген қылмысы бойынша Керим тұтқындалған күн Керим мен Фатмагүлдің өмірлерін толығымен өзгерткен келесі бір кезеңнің бастауы. Керим түрмеде сот күнін күтуде, кінәсіздігіне ең алдымен Фатмагүлді сендіргісі келеді. Бір жағынан Фатмагүлді сыртта Мустафа мен Яшарандарға қарсы қорғаныссыз тастап кетуі жанына қатты батады. Мустафаның көлеңкесін үнемі жанында сезіп жүрген Фатмагүл амалсыздан өмірлік жүйесін тағы да өзгертуге мәжбүр қалады. Мустафа осы сәтті жақсы пайдалануға тырысады. Яшарандар фирмасының жағдайы күннен күнге нашарлай түсуде, Эрдоған да амалсыздан Решат Яшаранның айтқандарына көнеді. Решаттан алған әр жеңілісі Эрдоғанның ішіндегі ызаны одан сайын өсіруде. Ал Селим болса отбасындағы мәселелерден алыста, оның бар ойы Мелтемнен кек алу. Фатмагүлдің жаңа үйлерінде алғаш рет өз бөлмесі бар, Керимге арнап та бір орын дайындап қояды. Мукаддес пен Фатмагүлдің арасындағы суық жел бұрынғыдан да қатая түскен. Кадир және Өмер Керимнің кінәсіз екенін дәлелдеу үшін тырысуда, бірақ барлық нәрсе Вуралды Керим өлтіргеніне әкелуде. Алайда сол түнгі оқиғаның сыр пердесін ашатын бір куә бар. Мустафа егер бұл адамға бәрінен бұрын жететін болса Керимнің тағдырын өзгерте алатынын біледі. Бірнеше күннен кейін Керимге алғаш рет кездесуге рұқсат беріледі. Керим мен Фатмагүлдің жүздерін көптен бері күлдірген осы сәт болады.
Айналаларындағы барлық келеңсіздіктерге қарамастан екеуінің махаббаты болашақ үшін үміт береді.
