Келесі төбелес мына ареналарда өтеді: Дебат тақырыптары
Алғашқы шайқас аяқталды.
Біз шешендік сайыстарды одан әрі қызық қылу үшін, мынадай хардкор тақырыптарды назарларыңызға ұсынамыз.
Осы тақырыптардың бірі қызықтыратын болса, маған жеке хатқа ұсыныс жазуыңызға болады. Тақырыпты сіз таңдайсыз, ал қорғау-теріске шығаратыныңызды кездейсоқтық таңдайды.
Сонымен келесі сайыстың тақырыптары мынаның ішінен таңдалады:
1) Адамдар ата-бабаларының ісіне жауап беруі тиіс
2) Ақымақтардың жолы болғыш болады
3) Шоу бизнесте жетістікке жету үшін жоғарыдан демеуің болуы міндетті.
4) Диплом көт сүртуге жарамайтын қағаз
5) Темекі сату индустриясы экономика үшін пайдалы.
6) Қыздарды тек қалай сәтті күйеуге шықсам деген ой ғана қызықтырады.
7)Көп балалы болған бір балалы болғаннан жақсы. — бос емес
8) Қазақстан экономикасына туризмнің пайдасы жоқ.
9) Пікірталаста шындық тумайды
10) Еденге дастархан төсеп, тамақ ішу мәмбеттік.
Өзіңізге ұнаған тақырыптың атын жазып, маған жеке хат қылып жіберуіңізге болады.
