Шауып жүрмін мен, міне))))
Аллилуйя! Бүгін больничныйды жаптырдым, дүйсенбі жұмысқа шығам.
Ылғи өзімді тәуелсіз сезініп, ер-азаматқа бергісіз жігерлі де мықты қыз санаушы едім. Айналам да солай қабылдайтын. Балдақпен жүрген кезде өзімді кәдімгідей қорғансыз сезініп қалдым))) Көмектескіштер, демегіштер, көтергіштер көбейіп кетті. Ол да бір қызық кезең болды. Негізі жігіттерге әлсіз қыздар көбірек ұнайды ма деп қалдым, дачы.
1 ай «демалыста» Ақтөбеге 2 рет, Оралға ұзату тойына барып келдім. Гипспен девичникке барғаным өз алдына қызық болды. Құрбыларымның алғысы шексіз. Не айтайын))) Мынау менің ВКМ-ға ұқсайтын сұлу құрбым:
Ал мынау біздер:
З.Ы: қағазбасты бөлімдегі жұмысымды тастап, кафедраға кетіп жатырмын. Енді мен Әйгерім Кеулімжайқызы немесе Әйгерім апай боламын. Бұдан былай мені жаман сөздерге итермелемеулеріңді сұраймын, ық-ық.
