Ауыл, балық, суреттер
Темір жол.
Көпірден өту.
Дәуіт.
Байланған қошқарлар.
Түркістан базары.
Құрбақа
Ауылға барып браконьер болып қайттым.
Сырдың суы тартылғаннан кейін Сырдан шыққан барлық каналдардың суы тартылады. Міне сол кезде балық аулау науқаны басталады. Су белдің жобасына келгенде шанышқы ұстаған адамдар канал жағалай бастайды. Соңғы кезде шыққан балық ұстаудың ең тиімді әдісі токпен ұру. Ол үшін маторды /движок/ үрілген балонға орналастырады да ток шығатын екі сымын әкеліп ұзын екі ағашқа байлайды. Оны бір адам ұстап суға арасын метрдей қылып батырады. Сол кезде екі арадағы балықтар уақытша шокқа түседі де су бетіне қалқып шығады. артындағы адамдар жинап жүреді. Бізде барған едік. Біраз олжалы оралдық.
