Ескі архив · 12.09.2011 10:59

Авторлық құқық туралы заңға қандай өзгерістер енгізу керек?

"ҚР Авторлық және сабақтас құқықтар туралы" Заңына алдағы уақытта өзгерістер мен толықтырулар енгелі жатыр. Себебі еліміздегі ең көне, ескі, «не в тему» заңдардың көш басшысы осы АжСҚТ заңы болып тұр. Ол заңда Интернет, Интернет-ресурс, блог, электронды басылым (БАҚ) немесе онлайн-газет-журнал деген сөздер жоқ. Сөз болмағаннан соң түсіндірмесінің болмайтыны да түсінікті болар. Енді мәселеге көшсек. Қазір аталған заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға байланысты орыстілді Интернет белсенділері әрекет етіп, өз ұсыныстарын тықпалап жатыр. Олардың арасында "ҚИА" "Үш рет шерту" тактикасын ұсынып еді, соның салдарынан ассоциациялары айтарлықтай ыдырап, құрамындағы ықпалды Интернет-ресурстар шығып кетті. Шықпаса, одан ары дейміз. Себебі Қазақ Интернетіне пайдасы шамалы ассоциацияның мәселелеріне неге бас ауырту керекпіз? Біз, Қазақ Интернетінің белсенділер (блогшылар, Интернет-сайттардың иелері, Интернет-журналистикада жүрген адамдар), Авторлық құқық туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланыстыөзіміздің ұсыныстарымызды, идеяларымызды ұсыну керекпіз. Егер біз белсенділік танытпасақ, ол заң қабылданып кетсе, онда тағы жүреміз «Мақаламды ұрлап кетті :(» деп. Белсенділік танытқанда ұтатынымыз бұл ғана емес. Қазақ Интернетінің болашағын орыстілділер ойламайды. Егер белсенді болып, депутаттарға заңға байланысты өзіміздің ұсыныстарымызды жолдайтын болсақ, бұл ұсыныстарды БАҚ арқылы көпшілікке таныстыратын болсақ, қазақтілді Интернеттің бар екендігін және оның қазанында қайнап жүргендердің де қолдарынан іс келетіндігін, әрекет ететіндігімізді және бірдеңе болатын болса, тек орыстілділермен ғана емесе, бізбен де санасу керек екендіктерін ұқтырамыз. Соынмен, осы жазылғандарды оқып отырғандардан ұсыныстар болатын болса, соны талқылайық, бірігіп пішілген тонның келте болмайтынындай, депутаттарға талқыланып, «піскен» ұсыныстарымызды жолдайық. Әзірше мынадай ұсыныстар бар: Тіркеуден өткен Интернет-ресурстарға БАҚ-тың мәртебесін беру Интернет-газет-журналдар (сайттар) да дәстүрлі БАҚ-қа теңестірілген заң бар. Оған сәйкес, біздер заң алдында жазғанымыз үшін жауап береміз, міндеттіміз, алайда БАҚ-қа берілген құқықтар (артықшылықтар) Интернет-ресурстарға берілмеген. Мысалы, бір мекемеге «мынадай Интернет-порталданмын. Мына мәселеге байланысты жауаптарыңыз керек еді» десеңіз, сізді бір ж(н)аққа жібере салуы оп-оңай, өйткені сізде заң бойынша «Журналист» деген мәртебе жоқ. Осыны ескере келе, тіреуден өткен Интернет-ресурстарға «Электронды БАҚ» мәртебесі беріліп, дәстүрлі БАҚ-тың құқықтық мүмкіншіліктері де берілсе екен; Интернет-ресурстарға да БАҚ деп тану "ҚР Авторлық және сабақтас құқықтар туралы" Заңында Интернет-ресурстарды (тіркеуден өткендерін) дәстүрлі БАҚ-пен қатар мәртебеге жеткізсе. Егер солай болатын болса, Интернет-ресурстарда жарияланатын мақалалар мен фото-видео материалдарға байланысты авторлық құқық бұзылса, сотта өз құқықмызды қорғап, еш күмәнсіз жеңіске жетуге болар еді. Қазіргі қолданыста жүрген заң Интернет сайттарда мақала жазатын авторлардың құқықтарын қорғамайды; «Тіркелудің қажеті не?» деген сұрақ тууы мүмкін. Жауап: тіркелмей газет-журнал шығарған адамның құқын ешкім қорғамайды. сол сияқты, тіркелмеген Интернет-ресурстың құқын ешкім қорғамайды. Сотқа талап-арыз жазғанда «Сайттарың қайда тіркелген, құжаты қайда?» деп сұрайды.
Авторы:
Zako

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту