Іріктеу сайысы №3: "Қыздарды тек қалай сәтті күйеуге шығу ғана қызықтырады!"
Кейінгі түсініксіздердің алдын алу үшін қатысушыларды төмендегі ақпаратты мұқият оқып шығуына кеңес беремін.
Дебат тақырыбы:
Қыздарды тек қалай сәтті күйеуге шықсам деген ой ғана қызықтырады!
Қатысушылар:
Сары аватарлы
Yesman — Пікірді жақтайды.
Көк аватарлы
Noman — Тақырыпқа кері пікірді жақтайды.
Өткізілу уақыты:
Сейсенбі. 13-ші қыркүйек, 2011 жыл.
Жаңарған ережелері :
1) Әр қатысушы 10-пікірден артық жазбайды (флуды, флеймі, сөзсіз смайлы, демотиватор, постерлері бәрі пікір болып саналады). Және әр пікірдің ұзақтығы 5-жол жазбадан аспауы керек.
2) Айтыс 1 күннен артыққа созылмайды.
3) Айтыс қорытындысына төмендегі адамдардың пікірі әсер етеді, яғни толыққанды жюрилер осылар.
Жеңімпазды жариялау үшін кемінде үш жюри осы тақырыпта пікір білдірулері қажет.
Құзырлы қазылар:
1) Сатыбалды/Омарбырат
2) Сигма / Нұрғиса
3) Асаубота /Қисық
4) Саммита / Айгерім
5) Алиша / Зилола
6) Бальзаминка/ Айжанатабын
4) Мүшелердің шын есімдері мен логиндері шайқас нәтижесі анықталғанда белгілі болады.
• Кибердебаттар жюри пікірін күтпестен аяқталады, егер:
1) Айтыс/пікірталас/дебат бір жақ жеңілгенін мойындағанда жедел аяқталады.
2)Бір жақ екінші жақтың жазбасынан кейін 3 сағат ішінде пікір жазбаса, жеңілгенін мойындаған болып есептеледі.
3) Бір ойыншы өзінің не екінші ойыншының лақап атын шайқас аяғына дейін айтып қойса, ол ойыншы автоматты түрде жеңілген боп есептеледі.
Сурет: 4.bp.blogspot.com
