Өлі-тірі тақырыптар. Айтысатын кибер ақындардың назарына!
Кибер айтыстың келесі тақырыптары мынадай екен:
Сейсенбі: «Қыздарды тек қалай сәтті күйеуге шықсам деген ой ғана қызықтырады!»
Сәрсенбі: «Пікірталаста шындық тумайды!»
Бейсенбі: «Диплом көт сүртуге жарамайды!»
Жұма: «Қазақстан экономикасына туризмнің пайдасы жоқ»
Ертеңгі айтыстың айтыс болатынына күмәнмен қараймын. Қандай шешен, күрт, авар шықса да ол күнгі тақырыпты өлген тақырыпқа жатқызамын. Соны да әңгіме деп айтысады ғой екі керекші. Тақырыптарыңдыссс…
Сәрсенбі мен Бейсенбі күнгі тақырыптарға аса қызығушылықпен қарайтын боламын, амандық болса. Ал жұма күнгі кибер-айтысты "Жұма күнгі бояннндар" қауымдастығына жіберсе деген ұсыныс бар. Шешендер айтыспайтын тақырып. Қыртымбайлар шығып жүрсе, таңданбаңдар. «Титандар айтысады» депті Гастарбайтер. Күтеміз.
Суреттің шыққан жері mfjtribune.com
Айтысатын кибер ақындардың назарына!
Айтысқа уақытылы келіңдер. Екі ақынның онлан айтысқаны қызық болады;
Айтысқа дайындалып келіңіз. Клавиатура, тышқан, кілем;
Бірінші болып қарсыласыңның жазған пікіріне жауап жазбас алдын өзіңнің пікіріңді жазып ал. Соңынан бір біріңнің пікірлеріңді талқылап жазасыңдар;
Шанстарыңды жоғалтып алмаңдар. Бір құсық пікір де бір шансты жоғалту болады;
