Ескі архив · 12.09.2011 12:44

Романтика қайда кеттің?

Романтика таусылып қалды ма әлде адам жасы ұлғайған сайын романтикадан айырыла бастай ма? Әлде ол тек кейбір адамдарға ғана тиесілі ма? Ойбай, ол жиі звондамайды, мені іздемейді, менен отчет сұрамайды, қайда жүрсің деген сұраққа қыздармен десең, мм деген ғана жауап аласың, қыздармен қыдырған соң келіп неге алып кетпейді, мен любой жерде тұрған жерде шақырғанымда келіп алып кетсе қайтеді, гүл сыйламайды, қызықты жақтарға апармайды, бір керемет романтикалық нәрселер неге ол ойлап таппайды, неге мені таңқалдырмайды, неге кәрістің киносындағыдай жігіттердің романтик емес, тіпті жаным деген сөзді естімейсің де, сүйем дегенді армандамай-ақ қой… Бұның бәрі не? Бұның бәрі 18 ге жаңа келген қыздардың «идеальный» қарым-қатынастың шаблоны ма әлде бұл жалпы қыздардың қалыптастырып алған шаблондары ма? Әлде жас ұлғайған сайын, жігіттер қауымы мына сөздерді ғана есіне ұстай ма: мә сүйгім келіп тұр, я хочу тебя, үйленетін қыз іздеп жүрмін бірақ қыз көп сол менікі кездеспей жүр сол сен ба деппп… Енді тіпті жиі және ең керемет сөздері «я хочу тебя». Ал қыздардыкы «күйеуге шығу». Алам деген адам болса бітті, шығып кету. Жұмысы, үйі машинасы бар сені асырай алатын адам болса болды. Сомен романтика өзгере ма? Оның жалпылама құрылған сипаттамасы бар ма? Романтикада адамның жасына бағына ма? Тіпті ол қайда өзі? Әлде тек киноларда, кітаптарда өмір сүре ма ол?
Авторы:
Aikona

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту