Ескі архив · 14.09.2011 20:17

Асанның есебі

Әкесінің әлденені есептеп, жазып отырғанын көрген Асан есімді бала өз бөлмесіне жүгіріп кеп, ойына алған нәрсені орындауға кіріседі. Анасына көрсеткен азын-аулақ көмегі үшін ақша сұрамақшы болады. Келесі күні анасы ас үйдегі үстелдің үстінен бір қағаз тауып алады. Ондағы жазу мынау екен: «Анасының ұлы Асанға қарызы: -дүкеннен сөмке тасығаны үшін – 550 теңге; -хаттарды поштаға салғаны үшін – 300 теңге; -жақсы бала болғаны үшін – 1500 теңге; -гүлдерге су құйғаны үшін – 900 теңге; -Барлығы – 3250 теңге» Анасы үстелдің үстіне 3250 теңге қалдырып кетеді. Кешке Асан ақшаны көргенде қатты қуанады. Алайда ақшаның жанында тағы бір қағаз жатқан еді. Онда былай деп жазылыпты: «Асанның анасына қарызы: -үйде өткізген 10 жыл бақытты өмірі үшін – ештеңе; -10 жыл ішінде ішіп-жегені үшін – ештеңе; -Ауырған кездегі бағым-күтімі үшін – ештеңе; -Жақсы ана болғаны үшін – ештеңе; -Барлығы – ештеңе» Қағазды оқыған Асан қызарып кетіпті. Одан соң жүгіріп келіп анасын құшақтап, кешірім сұрап, ақшаны анасына қайтарып беріпті.
Авторы:
know_how88

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту