Ескі архив · 14.09.2011 23:45

Қайрат Лама-Шариф: Жұмыс орнында намаз оқу қылмыс жасау болып саналады

Депутат Бекболат Тілеуханның айтуынша, Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама-Шариф «Жұмыс орнында намаз оқу қылмыс болып саналады» депті. Жалпы, талқыланып жатқан «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң жобасына сүйенсек, мұсылмандар оқитын намаз болсын, христиандарша діни жоралғыларды жасау болсын, тағы да басқа діндергі құлшылықтарды жасау болсын, барлығы арнайы орындарда (мешіт, храм, шіркеу, т.б.) іске асырылу керек екен. Егер біреу жұмыс орнында намаз оқыса, қылмыс жасаған болады. Ал егер бірнеше адам бірігіп құлшылық жасаса, заңсыз митинг өткізген болып табылады. Қайрат Далай Лама Шарифтің айтып жатқан ережелеріне барлық діннің өкілдері қарсы болып жатыр. Заң бойынша тыйым салған орында (мемлекеттік мекемелерде) құлышылық жасағаныңыз үшін 500 доллар шамасында айыппұл төлейтін боласыз. Өз ойым: Қайрат Лама Шариф халықтың ашуына тиіп жатыр. Халықтың діни сенімдерін құрметтеудің орнына, ол құндылықтарды шектеп тастауға бағытталған заңдарды ұсынып жатыр. Діни экстремистермен күресу деп айтып жатқанымен, тіптен бөлек күрес жүргізіп жатқандай.
Авторы:
Qojeke

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту