Шешендерді іріктеу №4: «Пікірталаста шындық тумайды!»
Кейінгі түсініксіздердің алдын алу үшін қатысушыларды төмендегі ақпаратты мұқият оқып шығуына кеңес беремін.
Шайқасушы үміткерлер:
Сары аватарлы Yesman — Пікірді жақтайды.
Көк аватарлы Noman — Тақырыпқа кері пікірді жақтайды.
Өткізілу уақыты:
Сейсенбі. 14-ші қыркүйек, 2011 жыл.
Жаңа ережелері :
1) Әр қатысушы 10-пікірден артық жазбайды (флуды, флеймі, сөзсіз смайлы, демотиватор, сурет, постерлері бәрі пікір болып саналады).
2) Айтыс 1 сағаттан 1 күнге дейін созылуы мүмкін.
3) Жеңімпазды жариялау үшін кемінде үш әділ қазы осы тақырыпта пікір білдірулері қажет.
Құзырлы қазылар:
1) Сатыбалды/Омарбырат
2) Сигма / Нұрғиса
3) Асаубота /Қисық
4) Саммита / Айгерім
5) Алиша / Зилола
6) Бальзаминка/ Айжанатабын
4) Мүшелердің шын есімдері мен логиндері шайқас нәтижесі анықталғанда белгілі болады.
• Кибердебаттар жюри пікірін күтпестен аяқталады, егер:
1) Айтыс/пікірталас/дебат бір жақ жеңілгенін мойындағанда жедел аяқталады.
2)Бір жақ екінші жақтың кейінгі жазбасынан
кейін 1 сағаттан
ұзақ уақытқа еш ескертусіз, хабар ошарсыз жоғалып кетсе, жеңілгенін мойындаған болып есептеледі.
3) Бір ойыншы өзінің не екінші ойыншының лақап атын шайқас аяғына дейін айтып қойса, ол ойыншы автоматты түрде жеңілген боп есептеледі.
