Ескі архив · 14.09.2011 20:38

Өзімнен өзгенің бәрі лох!!!

Өзімнен өзгенің бәрі лох деп ойлайтындарға жыным келеді, Сіз ше? Кеше сабақтан келсем қыздар бөлмесіндегі адамның жақын достарының бірі керемет сыйлық дайындап қойыпты Не болғанын білмедім, әйтеуір ұнамады. Содан сантехник шақырттым, кеше келем деген кісі бүгін азанда келді. Келді де унитазды бұзу керек, онсыз болмайды деп уверенно айтып қояды. Өйтіп айтқан маман алдымен не үшін шақырылғанын білмей кранды әурелеген еді, одан сливной бочокты. Оппа, лохты тапқан екенсіз деп ішімнен, ревизияны қараңыз десем түсінбейді. Одан вантуз бар ма десем бар дейді де қайтадан бұзу керек деп ығырымды шығарды. Жүйке керемет жұқарды енді, сөздің шыны керек . Содан не керек, жарты сағат түсіндіремге кетті, одан құралсыз маман құрал жасақтаймын деп кеткенде унитаз өз-өзінен қалыпқа келді. Маман қызармай жүз рупий дейді, елу берем десем сондай алыс жерден келдім, жүз деп қайтпайды. Автобуспен барып-келуі алты рупий болады сонда да елу беріп қайтардым. Неменеге болмайтын нәрсе жазып отыр дейтін боларсыз, қатты жыным келді өзінен өзгенің бәрін лох санағаны үшін және солай санайтындарға қаным қайнайды, соны сәл тарқату керек болып отыр . Біріншіден, жергілікті халық шетелдіктерді лох көреді, екіншіден әйел баласын. Өзге кісінің де бірнәрсе білуі мүмкін екенін де назарда ұстаса ғой дейсің, бары осы, назарларыңызға рахмет
Авторы:
balzaminka

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту