Ескі архив · 15.09.2011 20:01

Кибер-айтыстың бесінші жұбы

Айтыс айтыс болмады. Кибер-айтыстың бесінші жұбы "Диплом көт сүртуге жарамайды!" деген тақырып айналасында болды. Айтыстың басталғанынан-ақ бет жыртысқан айтыскерлерді көре алмадық. Алғаш болып тақырыпты жақтаушы Йесмэн былай деді: Диплом *өт сүртуге жарамайды. Үзілді кесілді айтқаным үшін кешірім өтінем, әрине! Бірақ, материалдық та, басқада тұрғыдан алсақ бұл тұжырым ақиқаттың ауылынан алыс емес. Қоғамда жоғарғы оқу орнын бітіріп, сандалып жүрген қаншама амиголарды көз көріп, құлақ естіп жүргені шындық. Арамыздағы Ағзам-үл Хәкім @satibaldi — ның да университет бітірмеген, яғни дипломы жоқтығын ескерсек, ответ будет очевиден Бұл пікірге сызылып, қыздай болып жауап берген Ноумэн: келе сала Сатыбалдыны тілге тиек еткен Yesman-ға да дұғай сәлем бердік. Жүрегіңді шүберекке түйіп бұтың дір-дір етіп отыр ма екенсің Yesman? Әлде тәкаппарланып, позицияңның мықтылығын бір-екі ережеден тыс мысалға сүйкей салып, өзің судан құрғақ шыққың келіп отыр ма? Төрт көзі түгел азаматтар, қандай ойда отырсаңыздар да, Yesman-ға лайық тойтарыс беретініме күмәніңіз болмасын! Аргументтерді келесі пікірге қалдырамын. деп төменде мынадай пікір қалдырды: Ал, Йешмәмбет туалетте көтін қағазбен сүртіп отырғанда мен қорғаныстан шабуылға көшейін. Мәселен, сол көт сүртетін қағазды неге диплом қылмасқа? Сенің жақтайтын пікірің «Диплом көт сүртуге жарамайды» дейді. Ал менің оған ағзамның әр жасушасымен қарсымын. Диплом ең алдымен көт сүртуге жарайды! Және тек көттің тесігін ғана емес, екі батоныңа жағылып кеткен қиыршықтарды да сыпырып тастауға болады. Әрине комфорты үшін кепілдік бермеймін, бірақ сұртуге жарайтыны ақиқат па? Ақиқат. Оны тіпті керіге шығаруға қалай батылың, жо-жоқ, ақымақтығың барғанына таңырқап отырмын. Осы арада Йесмэн келіп балақтан шапты: Саяз да сасық пәлсафаңызбен келісе алмай отырған жайым бар, өкінішке орай! Осы арада теория мен практика жөнінде айтқым келіп отыр. Алдын дипломмен сүртіп көргенсіз ба? Әлде жай ғана жеңіл желпі пәтуасыз теорияңызды итермелеп отырсыз ба? Сүрткен болсаңыз, не үшін маңызды деп санап отырған 4 жылдық уақыт кеткен бір жапырақ қағазды ысырып еттіңіз? Сүртпей жәй ғана айтып жатсаңыз әрине келісе алмаймын. Практикада сыналмаған кез-келген теория негізсіз боп саналатынын білетін шығарсыз? Өміріңізде дипломмен *өтін сүрткен адамды көрдіңіз ба? Көрмесеңіз, демек сүртуге жарамағаны деп бір мен де бір жақты пікір жортуыма болатын шығар?! Йесмэннің келтірген дәлелдері мынадай болды: Қазіргі айтқалы тұрған деректерімді сөзсіз іштей сезіп отырған боларсың Noman бауырым! Bill Gates — Microsoft Corporation Steve Jobs — Apple Inc. Larry Ellison — Oracle Inc. Бұл аталған тұлғалар, өзіндік таланттың нәтижесінде дипломсыз-ақ, қызметтік карьераның ең биік бағанасына жеткендер. Айта берсек, бұлардың саны жалғаса береді. Бір сәт тұрып қаһармандарды өз арамыздан іздесек. Сайтымыздың админі Ұлы Ханиф @asaubota Қазнетке осындай еңбек сіңіру үшін программист мамандығымен диплом алған жоқ. Бірақ, сонда да осы кәсіптің арқасында ел қатарлы нәпәқасың тауып келеді. Кеңес Үкіметінен қалған мына бір сөз есіме түсіп тұрғаны. «Забудьте все, чему вас учили в вузе» деген сөзді әлі күнге дейін көпшілік дипломы бар маман жұмысқа жаңадан кіргенде есітеді. Яғни бұдан түйетініміз, диплом білім дәрежесін көрсетіп береді деген далбаса әңгіме! Теория және практика екі бөлек нәрсе екендігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр! Мына жердегі үш адаммен дүниедегі дипломмен көттерін ғана емес, сонымен бірге беттерін де сүртіп жүрген миллиондаған адамдарды елемей кетті. Осы кезде Ноумэн келіп былай құсты: Құрметті оппонент, неге тура мағынасы туалеттен бастағаныма таңырқап отырған шығарсыз, дегенмен төмендегі бірнеше саладағы дәлел-дәйектемеге қадірлі назарыңызды аударғым келеді: 1) Физикалық. — Әлгі жеріңді "Ұлы Қаһармандықтан" қалған қалдықтардан арылту — ешбір физикалық заңдылықтарға қайшы келмейтінін баса айтқым келеді. Сенбесеңіз өзіңіз тексеріп көріңіз кез келген тасқа зертханалық мақсатпен мазут жағып, оны (егер дипломмен сүртуге қимасаңыз) 200 қағаз купюрасымен сүртіп көріңіз (банкноттардың структурасы әдетте дипломның қағазымен бірдей болады). 2) Физиологиялық И, диплом әрине туалет қағазы емес, бірақ наждак сияқты артыңызды ауыртып, түрлі жарақатқа себеп бола алмайды. 3) Моральдық. Осы жағында көбірек тоқталсам деймін, бірақ маған берілген жолдар саны бітейін деген сияқты. Сондықтан тек айтарым, ешбір мораль, ешбір фәлсафа, немесе дін постулаттары, ғылыми зерттеулер, тіпті ешбір әлгі жерді сүрту туралы нұсқалықта осы дебатқа арқау болған тақырып мәселе ретінде қозғалмайды. Демек қарсыластың дәлелдеуге тырысып отырған позициясы алдын-ала өлі боп табылады. Бұны кибер-құсық десек, одан асып түсетін де кибер-құсық болады екен. Мысалы, мынадай: Осы жағынан қарасақ, сіздің қорғап отырған тақырыбыңыздың да түк негізі жоқ! Диплом *өт сүртуге жарайды дегеннен не мағына көріп тұрғаныңызды аңдамадым, десек те бұл дебат. Мұнда не берілсе, соны қорғау қажет. Әсілінде оны сіз маған үйретуіңіз керек Nomeke! *Әйтсе де өзіңіздің аккаунтыңыздан кіріп өз-өзіңізге баға қоюдан аулақ шығарсыз деп үміттенем! Бұл пікірге Ноумэннен мынадай жауап болды: Аса терең ойлы, ғұлама Франсуа Рабле «Гаргантюа мен Пантагрюэль» деген кітабында былай ескерткен еді: «Кім артын қағазбен сүртсе, сол сары ылғалды (сідік шығар —прим. перев) үстіне жаққан болады». Сонымен, қатар оның кітабында, жамбасқа қаздың тірі балапандарын үйкеп сүрту идеясы да кездеседі. Бірақ, біздің далалы-шөлді аймақтарда қалтаңда дипломнан басқа ештеңе қалмаса, қаздың балапаны ұшырасады деп үміттену бекершілік. Атақты Элвис Пресли, Диплом түгілі, қоянның терісімен сүртінген деседі ел артындағы аңыз. Ол аздай, әрбір қоянның терісінде арнайы перфорация (ақша купюраларындағыдай) болған екен. «Қара мысық, ақ мысық» деген фильмді көрген болсаң, онда Срджан Тодорович артын қазбен сүртіп, кете береді. Египетте пергамент (мал терісі) қолданылды. Чех халқы мысықтың балаларын сүртуге пайдаланған (многоразовый) Қазақстанда дамбалдың балағы жүре береді. Бұлардың қасында диплом дегеніңіз нағыз көт сүртуге арналғандай парақша емес пе? Сөзін ары қарай сваркілей түскен Йесмэн былай деді: Ақылыңыздың аясында сол баяғы жүйе бекітіліп қалғаны мәлім болып қалды, Номеке! Қазақта қалай? 1) Балам мектеп жақсы бітірсін 2) Балам Университет жақсы бітірсін 3) Жақсы жұмысқа орналасып, бізді асырасын немесе үйленсін және т.б Шындығында осылай бола ма? Жоқ! Көп жағдайда аталған тізбек орындалмайды. Шынында біз осыдан басқа өмір сүру салты жоқ сияқты көрінеді… Қоғамдық сананы дұрыс қалыптастыру керек деп ойлаймын! Осы уақытқа дейінгі білім жүйесі бізге не берді? Көөп нәрсе берді. 1) Біз жастар арасындағы суицид бойынша ең алдыңғы орындағы ел болдық 2) Пара алмайтын оқу орны жоқ шығар. Бұдан да алдыңғы қатардамыз 3) Соңғы 10 жылдықта шыққан университетке тиесілі атап айтарлық жаңалық бар ма? Жоқ! Иоптожігіт жаңалықтың көкесінің университеттен шығып жатқанын білмейді екен. Жыл сайын оқу ақысын қымбаттанудан асқан қандай қаралы жаңалық бар? Басқаша түсінсек, парақорлықтың полигоны саналатын ЖООлардан қандай ғылыми жаңалық күтеді бұл ахун?! Тың пікір жазған Йесмэн былай депті: 2-3 жоғарғы оқу орындарын бітіріп алып, қара жұмыста жүрген жігіттердің талайын көрдік! Қазір дипломға емес, ептілікке қарайтын заман екенін осындағы кез-келген есі дұрыс адам ұғынады. Дипломыңыз болса да бәрібір жұмысқа тұру үшін ақша бересіз! Жаны бар. Дегенмен жансыз сөз екен Бұл айтыс бұрынғы айтыстардан өзгерек дегендей, Ноумен өз пікірінде Ислам дініндегі сөз маржандарын тере кетті: Ахундардың былай қыртып, лағып кеткендіктерін көріп, айтысты тамашалаудан бас тартып, Жолдасбеко атындағы керекшілер сарайын тастап кете бардым. Айтыс айтыс болмады. Екеуі екі сектанттың рөлінде сомдай алмады. Біреу көт сүртуді механикалық әрекет деп түсінсе, бірі астарлы философиялық тұжырым деп түсінді. Осыдан кейін айтыстың мазгасы болмады.
Авторы:
Aldarkose

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту