Ескі архив · 15.09.2011 09:39

Рубик кубигін жинадым

Бүгін бір жылдық еңбек демалысым аяқталып, жұмысқа шықтым. Демалыста ешқайда барған жоқпын. Бар бітіргенім бір жылдық ұйқыны ұйықтап тастау, бұл енді аса үлкен құлшыныс және мұқияттылықпен орындалды. Демалыстың басты жаңалығы әрине кіші ұлымның дүниеге келуі болды, біраз уақыт соның әуресімен өтті. Содан кейін өзіме жаңалық болған нәрсе: Рубик кубигін жинау. Бала кезімде ішінде шариктері бар 1 тесікті цилиндрден бастап, 3 бұрышты пирамидаға дейін небір басқатырғыштармен бас қатырып көрдім. Пирамиданы 16 секундта жинауға дейін жеттім. Ал Рубик кубигін жинай алмай-ақ қойдым сол кезде. Орысша ғылым және техника журналдарынан таптым формулаларын, бірақ сол кезде түсінбедім соларды. Қазір енді интернет бар, Youtube бар. Бірден үйреніп алдым. Үйренгенім ең қарапайым жинау түрі. Енді тез жинаудың басқа методтарына кіріспекшімін. Қазіргі рекордым 2 жарым минут шамасында. Рубик кубигі ең көп сатылатын ойыншық түрі екен. Ал жинау рекорды 7 секунд. Көзі байлаулы күйде жинау рекорды 2 минут. Мен мына видео сабақ арқылы үйрендім. Алдымен бір түсті жинаймыз, барлық бүйірлерін және шеттерін бірдей қылып. Сосын жиналған жақты төмен қаратып, ортаңғы жолақты жинаймыз. Яғни, бірінші жиналған түсті қосқанда екі жолақ жиналуы керек. Сосын үстіңгі түстің орталарын жинаймыз, крест қылып. Бірақ, әр қайсысы өз орнында болуы керек. Содан кейін үстіңгі түстің бұрыштарын жинаймыз, бұл жерде олардың орналасулары қалай болса бәрібір. Ең соңғы адымда үстіңгі түстің бұрыштарын келтіреміз өз орындарына. Қызыққандар болса сәттілік тілеймін!
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту