Ескі архив · 17.09.2011 17:11

Мен тыңдайтын әндер тізбегі.

Айстың бастаған эстафетасын жалғастырып көрейін, жалпы мпүште әртүрлі жанрдағы әндер бар, тек қана қазақша тындаймын деп те айта алмаймын, бірақ қазір тек қазақша әндердің үштігін ұсынамын. Осы жерде айта кетейін супер-пупер тыңдайтын әнім бар, ол «Балапан қаз» әні Қарақаттың орындауындағы. Оны үштіктен бөлек гран-при қылдырып қойсам дымда болмайды шығар иә. Бірінші әнім: Баян Нұрмышева орындауындағы «Жақсылықтың бағасы» әні. Баянның шығармашылығын жақсы көремін, барлық әндері ұнайды десем жалған айтпаймын. Ал «Жақсылықтың бағасы» ерекше ән.(әрине мен үшін) Екінші әнәм: Марат Омаровтың орындауындағы «Анашым» әні. Марат Омаров керемет сазгер, «Анашым» әні бала күнімнен сүйікті әнім. Үшінші әнім: «Самал» тобы «Сезім азабы» әні. «Самал» тобы туралы ешқандай ақпаратым жоқ, бірақ осы «Сезім азабы» әндерін тыңдай беремін неге екенін білмеймін.
Авторы:
bazuka

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту