Ескі архив · 17.09.2011 12:29

Шешендерді іріктеу: 8-ші билет кімге бұйырады?

Сонымен бізде ширек финалда 7 анықталған ойыншы бар. 8-ші дебатерді анықтаудың жолы былай болмақ: 1) Үміткерлеріміз төменде берілген 4 пікірдің бірін таңдап, соны жақтайтын/даттайтын жазбасын маған жеке хат қылып 19-Қыркүйек (дүйсенбі), сағат 10-00-ге дейін жібереді. Жазба мейілінше ықшам, әрі түсінікті болғаны жөн. Сондықтан қатысушылар асықпай, дұрыстап, қатесіз, ойланып жазғандары дұрыс. Екінші шанс болмайды. 2) Мен оларды нөмірлеп осы жерге қоямын. Ал көрермендер қай үміткердің посты ең үздік екенін таңдайды. 3) Сол пікірдің иесі 8-ші ойыншы болып, ширек финалда бақ сынайды. Қалғандары… қалғандары көрермендерге қосылып, келесі айналымды тамашалайды. 4) Жеңімпазға ақша, мал, ед/бірлік тігем, демеушілік білдірем деушілер болса, алғысымыз шексіз! Үміткерлер: 1) 19852407 — Гульфайрус, ия, ия әлгі Сатыбалдының үнемі тілге тиек ететін, Гүлфайрусы Кез келгенімен, кез-келген тақырыпта гладиаторларша шапылдасуға дайындығын білдіруде. Мейлің теріске, мейлің оңға шығару керек болса да, аргумент пен айғақтарын аямайтынын білдіруде. 2) nurbergen_makym — Нұрберген Мақым. Пәтақтың Сарысынан тәлім алған қас шешен, колумнист, Дәруішөлген автономиясына шектеусіз визасы бар. Ең оқибельді блогерлердің бір. Әділетсіз мынау қу пәниге кейде налып ішіп, тышып, құсып кеткісі келетін қараиық ахун. 3)Qojeke — Қожеке Қарасақалдың сақалын бірталдап жұлмақшы болған бейпіл ауыз. Шымкент туралы жазбаларымен біраз Шымкенттіктерді тролльдеп, түртпектеп, жындарын ояттып, ақыры «жерлес» амиголары оны айқыш ағашқа минуспен шегелеп, керіп тастады. Қайта тірілді. Реинкарнацияға ұшырап айтысқа қатысуға ниет білдірді. Қолын қақпайық. 4)know_how88 — Дастан. Тіркеле сала Gastarbaiter- дің арзан күлкісін сынға алып, Абайдың қарасөзімен шабуыл жасаған, қайтпас-қайсар сөзуарлықтан үміт күттіретін жас жаңа жігіт. Саусақтары қышып, шайқасқа сұранып-ақ тұр. Датталатын/жақталатын тақырыптар: 1) Мемлекет өнерге ақша бөлмеуі керек! 2) Қиын жағдайға түскен адам ешкімге керек емес! 3) Мода және сән ағымдарына бағыну бос тірлік! 4) Ақымақтардың жолы болғыш 4 тақырып, 4 үміткер, 4 пікір, жалғыз орын. Ол орын кімге тиер екен? Тәліптің алдын бағайық!
Авторы:
Gastarbaiter

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту