Қатындардың бал ашуының әрі-бері тарихы
Жоқ, жоқ, әрине: болжам жасап, бал ашуды — тек қана қарама-қарсы жыныстылардың дерті деуден аулақпын. Бірақ, бозбала шақта болашақ қатынымыз ең құрығанда — Джолидей болады деген соқыр сенім бола ма, еркектерді беймәлім болашақ көп мазаламайтын сияқты. Ал енді қыздар… Ом манэ падмэ хуум…
Қатындардың бал ашуы — неше түрлі діндер мен дінсіздіктің тоғысқан жері. Шашын жинап, биязы бов жүретін қызды, қазақтың керемет иманжүзді қызы екен деп, ерте қорытынды шығармағайсың. Түндегі жалғыз әлде құрбыларымен жасайтын бал ашу әрекеттерін көрсеңіз, төбе, жалпы — барлық шаштарыңыз тік тұрар еді. Бал ашу рәсімдерін христиандық салтпен бастап, бірақ алда-жалда қорқынышты бірдеңе бола қалса — «бісміллә!» дей салатын халық бұл қыздар деген. Сонымен, мен көрген һәм естіген бал ашу түрлері.
1. Ең мегапопулар әдіс — «cүйе ме, сүймей ме?» деген сұраққа жауап беретін бал ашу әдісі. Екі тал сіріңке жағылады да, телміріп қарап отыру керек. Егер, о аспа иелері, — сіріңкенің бірінің басы екіншісіне қарай құлай жанса, — нақсүйерің тап қазір саған деген махаббаттан өлейін деп, хал үстінде жатыр, нақ әкесс!
2. Жіптер. Үстіне, әлде басқа жеріне жабысып қалған жіп дереу алынады да, саусаққа алфавит ретімен орала бастайды. «А»,"Ә"… деп күбірлеп, жіпті орап отырғаны. Жіп қай әріпте таусылса — жігітіңнің аты со әріптен басталатын көрінеді, шешесстің! Бұл әдістің күмілжітетін жері: әдіскерлер әдістемелік нұсқауда — жіп «Ъ» әрпінен аяқталса, жігітіңнің есімі қалай болатынын атауды ұмытып кетіпті.
3. Ал мынабір әдіс… Негізі қатындардың психологиясы былай: бал ашу процессі неғұрлым қорқыныштырақ болса — соғұрлым дәлірек. Ендеше бұл бал ашу процессіне… ну енД, ертерек андай бов кеткендердің әруақтары шақырылады. Әруақтар әдетте, егер барзақтағы хай-вайлары бітіп, қолдары, кешірерсіздер — рухтары бос болса, келіп кетеді. Очм, үлкен плакатқа шеңбер бойымен 42 әріп жазылады. Ал қақ ортасына, Аспан Иелері! — крест пен табыттың суреті салынады! Оған май шамға қыздырылған тәрелке қойылады да, әлдекімнің, мысалы — Майкл Жексеннің әруағы шақырылады. Бейшара әруақтан, жігітімнің аты кім деген сияқты құсық сұрақтар сұралады. Әруақ тәрелкені жылжытып, әріптерді нұсқау арқылы жауап беретін көрінеді-іс. Ең қызығы, поп-корольдің қазақ тілінен мағұлматтарына таң қаласың. Иә нақ: бірде Гүлзираға жігітіңнің аты «Нұрлан» депті нақ!!! «Nurlan» емес ең болмаса, тап солай! — «Нұрлан» деп «жазып» беріпті. Енді бақытты Гүлзира — екі дүние арасындағы қалың қабырғаның қалайша бұзылғаны таң қалдырмайды, назар аударыңыз — оны… Майкл Джексонның «Нұрланды» танитыны толқытады!!!
Очм, жыныстың екі түрінің иелерінің де бірі-бірінің жолында ішпей жатқан уы, істемей жатқан ісі жоқ сияқты, ледимакбетсстің!!!
