Ескі архив · 18.09.2011 20:31

Қазақтың дәстүрлі 3 әні

Қазақтың бай ән қазынасының ішінен тамаша 3 дәстүрлі әнді ұсынамын… «Дедім-ай-ау» бала күнімнен сүйіп тыңдайтын әнім... Дедім-ай-ау Айналайын, ақ жүзің, айдан аппақ, Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ, дедім-ай-ау Көрген адам қасыңнан кете алмайды, Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап, дедім-ай-ау Қайырмасы: Алма ағаштың гүліндей-ау, Текеметтің түріндей-ау, Өтіп дәурен бара жатыр, Сіз бен бізге білінбей-ау. Құлағыңа таққаның күміс сырға, Күмбірлетіп шығасың күнде қырға, дедім-ай-ау Сағыныштан сарғайып шыдам таппай, Мен өзіңді қосамын ән мен жырға, дедім-ай-ау. Қайырмасы. Әміре Қашаубаев Парижде орындап, Еуропаны бағындырған ән... Ағаш аяқ Атандым мен жасымнан ағаш аяқ Жас жанды ақсақ етті аямай-ақ Салдықтың салдарынан ақсақ болып Жүргенім қолыма ұстап жалғыз таяқ Әй, қалды-ау, қалды-ау Әй, қалды-ау, қалды-ау Қыз қалды ойбай Қыз қалды-ау Қара жол ма дегенім Шұбырынды із болды-ай, ойбай Ала жаздай нәр татпай Іздегенім қыз болды-ау, ойбай Қыз қайда, ойбай, қыз қайда? Шіркін-ай есіңе ал, Алсаң ал, алмасаң қой Сенсіз өлер деймісің Шіркін-ай, шіркін-ай Үкілі кәмшат бөркің-ай Ой-пәлі-ай Ей, пәлі-ай! Осылай ма едің Қыз бала-ай! «Гауһартас», орның бөлек әнсің сен... Гауһар тас Ажарың ашық екен атқан таңдай, Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай. Анаңнан сені тапқан айналайын, Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай! Қайырмасы: Беу-беу гауһар тас, Құсни, құрдас, Раушан жүзің көргенде Сәулем-ау, сабырым қалмас. Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан, Шолпандай таң алдында жалғыз туған. Жылы су, қолда құман, қарда орамал, Жібекпен қызыл гәріс белін буған. Қайырмасы. Басасың аяғыңды, ырғаң-ырғаң, Салдырап шашбауың мен алтын сырғаң. Жай жүріп щаттанасың әсерленіп, Әсемсің жүйрік аттай мойын бұрған. Қайырмасы.
Авторы:
know_how88

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту