Халал той бар ма?
Нах, бастайын.
Жастар дінге бет бұрып, құлшылықтарын жасап, шариғат заңдарын орындап жатқандай көрінеді. Әркім шамасының келгенінше, қалағанынша орындап жатыр на.
Халал той дегеніміз арақсыз өткен той дейді. Мә, на. Арақ болмаса да пибілетіп те той өткізетін болса, олардың тойлары да халал ма? Бұл сөйлем халал тойдың топас ережесіне бір соққы болсын делік.
Көптеген Халал тойда бөтен әйел бөтен еркекпен тіліп тұрып би билейді. Өзбек, татар, үндіс, кавказ билерін шашады. Халал той жасағандардың сенетін шариғаты ондай билерді сайтани әрекет деп таниды. Бірақ халал тойда харам әрекет болады. Бұны халал тойдың топас анықтамасына берілген екінші соққы деп біліңдер, нахтар!
Көптеген Халал тойда ысырап болады. Өйткені ол той. Қазіргі қазақтардың тойлары ысырапсыз өтпейді. Тойға 300-400 адам шақырудың өзі ысырап. Халал той жасағандардың сенетін шариғаты ысырапты шайтанның әрекетіне балайды. Халал тойда халал асты аста-төк қылып ысырап ету халал той деген топас анықтамаға тағы бір мәрте соққы береді.
Той иелері сенетін шариғат бойынша, көпшілік орындарда әйелдер мен еркектер бөлек отыру керек. Қанша той көрдіңдер әйелдер мен еркектер бөлек отырған? Мен бір-ақ тойды көріппін. Шешесс, солай той жасаған жап-жақсы жігітті ауыл өсекшілері уахабист қылып жіберді. Неге? Тойында әйелдер мен еркектер бөлек отырғаны үшін. Осыдан кейін ауыл өсекшілеріне әңгімелерің бар ма?
Шешесс, атам қазақ бұрындары халал тойдың не екенін білмегендей, жаңалық ашқан адамдарша бола қалмасыншы осы, кей мұсылмандар. Керек болса осы күнгі халал деген тойларыңмен бұрынғы қазақтардың тойларын салыстырып көріңдер. Сонда көресіңдер, қазіргі халал тойлар бұрынғы тойлардың жанында далада қалады. Атам қазақ тойын адал жасаған, тойыс, халал жасаған. Бірақ қазіргілер сияқты «Халал той. Өйткені арақсыз той» деп жыртылмаған. Сол уақытта шариғат үкімдерін барынша толық орындауға тырысты. Ал қазіргі халал той дегендерің «без алкогольное пиво» деген әңгіме ғой.
Халал немесе харам той демей, арақсыз немесе арақты той деп қолдану дұрыс сияқты. Халал, анау-мынау деп, адамдардың басын қатыра бермесе екен.
