Ескі архив · 19.09.2011 00:19

Құдайдың кереметтігі: VHS-кассеталардағы оттаған дәлелдер

Бұл жазбам осындағы бір пяншіктің жазбасына соншалықты шүйліккеніме түсініктеме болып табылады. Гарун Яхия. Пайғамбар емес шығар нақ, пенде ғой. Шынын айтқанда, бұ кісінің жанамағылыми айла-тәсілдері күлкі үйіреді. Жаратқанның атын атап ақыратын арыстан; мұндағы кейбір желөкпелер айтатын Кустоның әлгі басы піспейтін теңіздері; гендік инженерия, саясат — барлығы осы кісінің кассеталарында. Негізі, жаңалық ашып отырған жоқпын: мешіттер мен діни қауымдастықтардың тұрақты жама'аты болып табылатын физиктер мен басқа да ғалымдар, діндарларға Гарун Яхияның тұжырымдары ғылыми тұрғыдан сын көтермейтінін, популизм екенін, со бір Құранды танып білуде — осыбір күмәнді дәлелдерді пайдаланбай-ақ қойыңдарш деп, ескерткен, жалынған. Көзімше бірнеше рет айтылған. Бірақ Яхияның "ғылыми" тұжырымдарының жанға жағатыны соншалық: молдекеңдер со бір физиктерді кекетіп-мұқатудан әрі аспады. Ал олар не істесін: әйтеуір Құдайым-жүрегімде ғой деп, кейін жама'аттарына бармай кетті. Бір уақыттары Яхияның кітаптарының желісі бойынша түсірілген VHS кассеталары ел ішінде тез әрі көп тарап кетті. Ептібайымайдтың, екіге екі қосуды әрең білетін көрсеқызарлар дереу білгір ғалым болып шыға келгені! Әсіресе Кустоның көтінен бір қалмады-ау! Жеке өзіме — кезінде досым делінетін біреу отыз шақты кассетаны аузы-мұрнымнан шығарып тығып кеткен. Осы Құдайды ғылыми жолмен танымай-ақ қойсақ айтеді деген жұмсақ ұсынысты түсінбеді. Сосын мазамды алып біткесін — наққа жіберуге тура келді. Және — осы Гарун Яхия дегеннің шығармашылық өнімділігі таң қалдырады. Лібә, жаза береді екен нақ енді шаршамай! Ақыры, перғауынның суға кетіп өлгені туралы әфсананы… Мысырда айдалада жатқан бір арбаның дөңгелегі арқылы дәлелдеуге көшеді! Осы жерде менің де шыдамым таусылып, отыз-қырық кассетаны қоқысқа атып ұрғам. Уа жама'ат, дінді уағыздауда ғылым сендерге көмек болмайды, нақтар кілең!!!
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту