Ескі архив · 19.09.2011 10:02

Палшыға бардым

Астанада "Қазақстан" сауда орталығының жанында кофе қалдығымен пал ашатын армян әйел бар. Ставка — 2000 теңге. Әйтеуір елдің бәрі соны мақтайды. Таныс құрбым (тұрмыста) жұмыс таппай жүрген, соған баруды ұсынды. Өзі бір жағынан Шымкентке қайтқысы келіп, шешімге келе алмай жүр екен. Соның жауабын білмек. Мен еріп баратын болдым, одан бізге тағы бір Семейлік қыз ілесті, ол да Астанаға жақында келіп жұмысқа тұрған еді. Бардық. Есік алды тап-тұйнақтай, но бірақ адам деген көп. 11:30-дан 16:00-ге дейін кезек күтуге тура келді. Анадай кезекті күткен соң, мен де кірмекші болдым. Кірдім. Әйел кофе қайнатқыш аппарат жанында тұр екен. Алакөлеңке бөлме, қабырғаларда ілінген неше түрлі суреттер, иконкалар, шамдар… Брр… Аяқ-қолым дірілдев кетті ще. Құйып берген кофесін ыдысын сылдырлатып әрең іштім. Әлгі әйел кофе қалдығын тәрелкеге төңкеріп, бір қасын көтеріп, «хмм...» деп, «Жасың нешеде?» деген сұрақ қойды. Ішімнен "өзі де білів алмай ма" деп ойлаған мен: «24» деп жауап бердім. Сөйтіп «сен күйеуге шыққалы жүрсің ғой, ия?» дейді, дачы. Мырс ете қалдым. «Жоқ» деп жауап беріп ем, "Қалай жоқ??? Міне, мен сені көріп тұрмын, әдемі той көйлегін киіп алғансың, көрдің бе, қолыңды жоғары көтеріп тұрсың" деп дүрсе қоя бергені. Сасқанымнан «мен жақында ұзату тойынан келгем, мүмкін сол шығар» деп ақтала бастадым «Туф, не деп тұрсың, бұл сенің тойың! Ощм, биыл, немесе келесі жылы тұрмысқа шығасың, өзіңнің арманыңдағы (!) ұзын бойлы жігітке. 4 балаң, оның 3-еуі ұл, соңғысы қыз болады. Жалпы, бақытты өмір күтіп тұр» деді. «Айтқаның келсін» дегеннен басқа сөз түспеді аузыма. Бір қызығы, әке-шешем, үйім туралы біраз шындыққа жанасатын нәрселер айтып берді. — Тағы қандай сұрақтарың бар? — Ну, мен оқуым, жұмысым туралы сұрайын дегем… — Ол жағы бәрі тамаша болады, ощм, көп сөзді қойып, жігітіңді күт, «А» немесе «М»-дан басталады аты, ал, енді қайқай! Қайқайдым. Жанымдағы екеуіне де, келген жақтарыңа тайыңдар депті. Астанада сендерге ешқандай болашақ жоқ депті. Әлгі Семейлік қызға тіпті "Қойыма мұнда келдің бе??? Тез қайт! Мұнда бұзылып кетесің" депті. Әлгі қыз сол күні-ақ жұмысынан шығып, 2-3 күнде заттарын жинап тайып тұрды. Шымкенттік келіншек те күйеуін үгіттеп жүр. Сондай соқыр сенім… *** Жақын құрбыларыммен талдау жасай отырып, мына қорытындыға келдік: Палшы құлақтан тебе береді. 1. Мен жайлы болжамы туралы: 24-25 жастағы қыздар байға тимегенде не істейді? Мадина құрбым айтпақшы: «Сен тымпиған, үндемей көп бала туып тастайтын адамға ұқсайсың» 2.Қасымдағыларға айтқан болжамы туралы: «Ол просса, Астананы гастарбайтерлерден арылтуда» 3.Осыдан 1 жыл бұрын, мен танитын бір адам (35 жаста) осы әйелге барға болатын. Сол кезде оған «2 баласы бар ажырасқан еркекке тиесің» деп болжам жасаған болатын. Шынымен-ақ, арада жарты жыл өтпей, әлгі әйел 2 баласы бар адаммен отау құрды. Тіпті, осы таңқаларлық оқиғаға да біздер жауап таптық: Айналайын-ау, 35 жастағы әйел ажырасқан адамға тимегенде, ақ боз атты принцке тие ме??? Ал 2 бала — қазіргі семьялардағы орташа сан. Уот, солай. Қызыққа барып көріңдер
Авторы:
AKY

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту