Ескі архив · 20.09.2011 15:42

Супермаркеттердің қулықтары

Үлкен супермаркеттер барлық қалаларда бар. Бағалары арзан деп көбінесе соларға барамыз да ойлағанымыздан көп ақша төлеп шығамыз. Арзан сияқты болып көрінеді, бірақ бәрін қосқанда біраз ақша шығады. Көпшілігіміздің басынан өткен шығар мұндай нәрсе? Мұның бәрі маркет менеджерлерінің қулықтары мен тұзақтары. Қарап көрейік: 1. Қол арба Мүмкіндігінше көп зат алсын деп қойылады кіреберіске. Тіпті қазір балаларға да арналған түрлері шықты. Толтырып олар да алсын деп. Егер алатын затыңыз көп болмаса кішкентай сепет ұстаған жөн. 2. Кіреберіс Кіреберіс бөлімге көбінесе қымбат заттар қойылады. Адам енді ғана кірген кезде әлі ешқандай стресі жоқ және қоларбасы да бос. Ұнаған, көзіне түскен нәрселерді ала салуы мүмкін. Көбінесе кіреберіс жаққа киімдер, гүлдер, қымбат тамақтар, көрпе-көпшік сияқтылар қойылады. 3. Иіс Кірген адамды иіс арқылы да алдау бар. Сондықтан кіреберіс жаққа гүлдер немесе парфюм сияқты иіс шығарғыш заттар қойылады. Иіс адамның басын айналдырып, көп зат алуына себепкер болады. 4. Жасырынбақ Супермаркет ақымақ емес, не үшін келгеніңізді біледі. Сондықтан нан, сүт сияқты басты заттарды алыс бұрыштарға тығып тастайды. оларды іздеп табамын дегенше неше түрлі заттарды көріп шығасыз және бірнешеуін аласыз жолда кетіп бара жатып. 5. Оң мен сол Супермаркет ішінде жүрген адам машина жолындағыдай оң жақпен жүреді. Сондықтан маңызды тауарларды көбіне оң жақ сөрелерге қояды. Адам солдан гөрі оңға көп қарайды. 6. Көз бойы Қымбат тауарларды адамның көз бойымен есептеліп сондай биіктікке қойылады. Адамның көзі бірінші соларға түседі. Ал арзан пакетке оралған арзан тауарлар төменгі және жоғарғы сөрелерде жатады. 7. Кішкентай бала көзі Бұл да көз бойының кішкентай бала түрі. Балалардың көзі түсетін биіктікке қымбат тәттілер, ойыншықтар қойылады. Алып бер қыңқылдағасын ата-аналар әрине алып береді көздері соған түсіп тұрғасын. 8. Акциялар Жеп көру, иіскеп көру, ішіп көру, жағып көру сияқты тегін акциялар. Осылардан кейін адам іштей ұялып қатты керек болмаса да алуы мүмкін. 9. Түстер Қою түстер адамды шаршатып, ұйықтатып тастайды екен. Ал ашық түстер, ақшыл көк, ақшыл жасыл түстер адамға күш береді, ақша шашуына көмектеседі. 10. Музыка Төбеңізден музыка келіп тұр ма? Өте дұрыс. Жәй, баяу музыка адамды асықпай жүргізеді, нәтижесінде керегінен көп нәрсе алып қояды. 11. Ұсақ-түйек Касса жаққа жетіп, кезегіңізді күтіп тұрған кезде қол жыбырлап неше түрлі шоколад, тәтті, сағыз аласыз. 12. Дисконт картасы Дисконт картасы иә кішкене болса да жеңілдік әкеледі. бірақ, сізді сол супермаркетке байлап қояды
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту