Еркін тақырып: Ширек Финал Тақырыптары
Аса қадірменді ережесіз дебаттың ширек финалисттері!
Жалғас Ертай, Абзал, Бальзаминка (Гүлшат), Аль-Астер (Нұржол),Қисық (Димаш), Сигма, Сатыбалды
Нұрберген, және барша қызыққұмар жамағат!
АПДЕЙТ:
Келесі сайыста үміткерлер еркін тақырыпта көсіледі, еркін болғанда шартты түрде ғана еркін, яғни ширек финалисттердің дебатының мазмұнын басқа қолданушылар анықтайды. Қалған ережелер баяғы күйінде.
Ия, айтпақшы жеңімпазға тіркелгеніне 4-айдан асқан кез келген мүше дауыс бере алатын болады.
Шешендер сайысына қатысты алдыңғы тақырыптар- мұнда:
www.kerekinfo.kz/blog/debats/
Ал енді халайық, келесі дебаттар қай тақырыпта болғанын қалайсыздар? Ұсыныңыздар.
Мен мына тақырыптарды ұсынамын:
• Ұстазыңмен бақталас болу әбестік!
• Достарыңа да айтпайтын сырың болсын!
• Туыспен алыстан араласқан дұрыс!
• Әрқашанда қажетті мөлшерден аз сөйле!
• Жұмысыңды басқаларға жасатуға тырыс!
• Басқаларды өзіңе бағынышты етуді үйрен!
• Қойныңдағы қатыныңа да сенбе!
• Жауы жоқ адам қорқақ!
