Гипербелсенді балалар
3 жасар ұлым Әмин гипербелсенді бала. Интернеттен белгілерін қарадым, бәрі бар. Тез және түсініксіз сөйлейді. Бір орында отырмайды, жүгіреді, секіреді, үстіңе мінеді. Айқай шуы көп. Бастаған ісін аяқтамайды. Тұрақты емес. Ұйықтап болмайды.
Мұндай балаларда СДВГ (Синдром дефицита внимания и гиперактивности) проблемасы бар. Далада бұнымен ешкім ойнағысы келмейді, бәрі қашады. Интернеттен қарадым, мұндай балаларды құмда ойнату керек екен, құмда сурет салығызып дегендей және балшықпен мүсіндер салғызып. Сондай-ақ гимнастика сияқты спорт түрлерімен айналыстыру керек. Яғни, бойындағы энергиясын шығарып тұру керек. Қазір күн салқындап келеді, далада көп ойнай алмайды. Бір спорт түріне бергім келеді. 3 жастан бастап қандай секцияларға қабылдайды және қандай спорт түріне берген дұрыс? Жекпе жек түрлеріне ме әлде командалық спорт түрлеріне ме? Бір жағынан өзім де секцияға барғым келіп жүр. Арақ, темекіні қойып, формаға келіп, салауатты өмір салтын ұстанғым келеді. Бала өсіп келе жатыр, мен жаман үлгі болып жүрмін.
